Ақ періштем
жеке
блог

Ақ періштем

Қияли ой жазғым келіп кетті. Соңғы кезде құр сүлдерім ғана жүрген секілді. Өмірде қорқатын бір дүнием бар еді. Тірі дене - өлген жанның моласы ұғымынан қашқақтайтынмын. Қазіргі таңда сол бір күй басымнан өтіп жатқандай. Кімде осылай болды екен?

Бақытты өмір жоқ. Бақытты сәттер ғана бар екені маған мәлім. Бірақ, мен жалығып кеттім. Бәрінен де. Қандай да бір мәселе туындаса да бұрынғыдай ықпалы жоқ. Осы себепті, қателіктер жіберіп, біреудің ұрысқанын, осы күйден жұлып алып шыққанын күтіп жүрмін. Әлі де. Қорқақ, осал, езбе екен деп ойламай-ақ қойыңыздар. Ішкі жан дүниемнің беріктігіне, санамның ашықтығына күмәнім жоқ. Тек қандай да бір әрекет жасауға деген қызығушылығым басылып қалды. Білмеймін. Уақыт өткен сайын кеудемдегі сезімдердің кішкентай ғана ұшқыны қалып барады. Көңіл-күйлік дағдарыс деген осы шығар... Сезіне алмай жүрмін. Сезе алмай жүрмін. Менің тілім қандай қарабайыр еді. Әдемілеп, әсерлі етіп жаза алмай жүрмін. Бірақ, осылай түсініктірек. Осы болады. 

Айтпақшы, бұл жазба ең бірінші өзіме-өзімнің есеп беруім болмақ. Мүмкін, сіздерде де осындай жағдай болып тұрар. Айып тағып, күле қараудың қажеті шамалы. Адам болайық. Адал болайық. 

Қош!