Банкей

 

Қытайда Банкей деген есімді адам өмір бойы жақсы жолмен жүрген жан болыпты. Ол қайтыс болған күні тума-туысынан екі көзі көрмейтін соқыр көршісі қатты күйзеліп жылапты. Мұны көргендер: «Неге сонша қайғырасың? Банкей туысқаның ба еді?» - деп сұраса, әлгі зағип: «Жоқ, бірақ, мәселе онда емес, - деп жауап қайырады. – Менің көру қабілетім жоққа тән болғандықтан, есту қабілетімді Құдай ерекше қылған. Адамдардың жан дүниесін даусынан жазбай танимын. Адамдар бірін-бірі қуанышқа кенелуімен, бақытты болуымен қанша жерден шын жүректен құттықтап жатса да, даусынан қызғаныш пен көре алмаушылықты сезіп тұратынмын. Кейбір кезде олар бір-бірінің қайғысына ортақтасып, қанша жерден елжіреп көңіл айтса да, дауысының арғы жағына жасырынған мүсіркеу мен мардымсыз ғана жақсылығына деген тоқмейілсуді байқаймын. Ал Банкей бақыт туралы әңгімелесе, тек бақытқа ғана шоматынмын, егер қайғы туралы сөйлесе тек қайғыны ғана сезінетінмін.» - деген екен. 

 

 



Бөлісу: