Жарнама
Арнайы жобалар

Қазақтың Қаһарманы Қанатымыз.

Қазақтың Қаһарманы Қанатымыз.
жеке
блог

Қасқырлық былғарымен қаптап қолды,

Алаштың ар намысын сақтап қалды.

Алланың әмірімен үміт ақтап,

Қанат Ислам бастап тұр Нұрлы жолды.

 

Ұлыңыз бөрі ұрпағы *қазақ*атты,

Өзіңмен жеңістенрдің таңы атты.

Тау асып елін іздеп келген жігіт,

Алашын арманына жақындатты.

 

Көк зеңгір бейбіт күннің аспанында,

Сұңқары қалықтаған асқарында.

Жұдырықпен жұртыңа әйгі болдың,

Үлгі болып,ұлы дала жастарына...