Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лимитсіз тариф жалықтырмады ма?

Лимитсіз тариф жалықтырмады ма?

Лимитсіз тариф жалықтырмады ма?

Сағат түнгі 12.00 болғаннан телефондар шырылы басталады. Өйткені дәл сол кезде активтің "Құдай бере салған" лимитсіз тарифының уақыты басталады емес пе?))) Содан бастап  түнімен күбір-күбір дауыстар...


Қоңыраулардың қоңыр дауыстары...


Ұрыс-керіс, айқай...


 Сырласу...



 

Проблема шешу...

Жасырын номерлермен қоңырау шалу...

Сонымен не керек,  Сағат тілі кешкі 6-ны көрсеткенін қуана күтесің ғой))  Осы кезде тарифтың уақыты уақытша бітеді де, түні бойы сөйлескендер енді түнгі 12-ге дейінгі уақытын тиімді пайдалану мақсатында өзге де жұмыстарын жасап алады. Ұйықтап та алады. Түнде оған қайдағы ұйқы? Қызықсыз!)) Тегін лимидсіз тариф бекерге күйіп кете ме сонда? Соншама  уақыт аралығында айтылып жатқан әңгімелердің сыңайын өзіңіз де білесіз:

-сәлем!

-әр звондаған сайын амандаса бересің бе?

- жаай, әңгіме болсын деп...

- Не істеп жатсың?

- жүргееееен...

-мммм,

-өзің?

-жұмыста (жұмысы болмаса, "Жатқааан...")

- түнде заряд өшіп қалды. (сондағысы сағат таңғы 6)

-ммм


Қызықсыз ба? Әрине, енді қайтеді? Әңгіме бітіп қалған ғой. Айтатындарының бәрін алдыңғы бес сағаттық сөйлесулерде айтып тастаған.

Мен шынымды айтайыншы сіздерге: Телефонмен сөйлеспегеніме бір жылдың жүзі болды.

Нақтырақ айтқанда, телефонда  жігітпен сөйлеспегеніме... Жаңа номірге көшкелі телфонымдағы тізімдер арасында бөгде жігіттердің номірі болмағанына да бір жыл бопты. Соңғы кездері пайда бола бастады бір-екеуінің есімдері.)) Телефонды қолыма алып ұзақ уақыт сөйлесуге үйренбеген соң қиын екен, тарифтың зардабын тартып жүрмін. Кейде көтермей қоямын, кейде қолымның бос емес екендігін алға тартып тұтқаны тастай салам. Жатақханада  тұрғандықтан ұзақ сөйлесулерден өзінше рекорд жасаған талайларды білемін. Бөлмеде де қыздар мұндайдан құралақан емес. Жанымдағылармен жарысып кейде мен де отыратын болыппын түн ішінді телефонды құлағыма тақап. Бірақ әлі таң атырып көргем жоқ))))

Жарайды, сөйлесе берсін... Тек кейбірін лимидсіз тарифтың сергелдеңге салып қоятыны бар да. Қоғамдық орындарда, әсіресе автобуста өсек соғып отыратындары сәл мәдениетсіздік сияқты, меніңше.Үлкен апайлар әй-шәйға қарамай әңгіменің түбін түсреді ғой, шіркін.

Барлық нәрсенің өз орны болады ғой. Әйткенмен, денсаулықты да ойлап қояйық!

Кей қыздар айтады: "Сенің жігітің жоқ қой, сондықтан ұнатпайсың. Көрерміз, сен де жүрерсіз бір күні...)))" дейді)) МҮМКІН...)))


13
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 13 маусым 2012, 15:23
Пікірлер
+0
13 маусым 2012, 16:30

рақат болды ғой біреулерге, күндіз-түні әңгіме соғып

+0
13 маусым 2012, 16:31

айтпаңыз! :)

+0
13 маусым 2012, 16:32

осындайда телефон жоқ заманда апа-аталарымыздың бір-бірінің даусын естігісі кеп сағынғанын ойлаймын да, оларды аяп кетем ше :)

+0
13 маусым 2012, 16:59

Билайнның Астаналығымен шынымен әңгіменің түбін түсіретін кездер болды))) Қазір басқа системаға көштім. Телефонмен тек маңызды қоңыраулар ғаан.

+0
13 маусым 2012, 17:17

19 00 ге дейін телефонымда тыныштық жоқ, одан кейін тыныштық... Тек, кейде смстер болмаса... Ұзақ сөйлесе алмаймын адамдармен, ары кетсе 2 минут қана.

+0
13 маусым 2012, 17:49

жүргееееен :lol:

+0
13 маусым 2012, 19:27

сүйгенің басқа қалада болса бұл тарифтің қадірін түсінесің

+0
13 маусым 2012, 19:43

керек адам тарифке де басқаға да қарамайды деп ойлаймын

+0
13 маусым 2012, 19:56

жақсы көретін адамың хабарласса, жақсы ғой, жүрегің қаламайтын адам тарифке кіріп алып, хабарласып қоймаса, жақсы емес ))) жақсы көретін адамыңмен әңгімең таусылған ба? "Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме" деген Мұхаңның жолдарын еске түсіреді екен ;)

+0
13 маусым 2012, 20:36

керсінше мен телефонмен көп сөйлескім келмейді,шаруам болғанда ғана болмаса көп сөйлеспеймін

+0
13 маусым 2012, 21:38

Қайда сөйлессе де, қоғамдық орындарда өсек соғып тұрмаса болды.

+0
14 маусым 2012, 11:51

Осы тарифтин арк ;) асында мамаммен арманысз сойлесетин болдым!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.