#MobiKinoquiz ойыны

#MobiKinoquiz ойыны
жеке
блог

Бұдан былай кино көргенде оның мазмұнына ғана мән бермей, кейіпкерлерін сомдаған актерлерінің өмірбаянына, саунд-трекке, кейіпкерлердің сөйлеген сөздеріне ерекше мән беріп жүріңіздер. Себебі, кез келген уақытта #MobiKinoquiz секілді ойынға қатысып қалуыңыз мүмкін. Дәл сол кезде киноға қатысты сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бере аласыз.

Kcell компаниясының ұйымдастыруымен #MobiKinoquiz ойыны өтті. Киносүйер қауымға «Mobi Kino» қосымшасының іске қосылуын хабарлаған компания өкілдері ойынға қатысушыларға сәттілік тілеп жатты. Ойынға қатысушылар топ-топқа бөлінді. Сұрақтардың барлығы кино әлеміне қатысты болды. Кейбір жасырылған киноларды мен көрмеген екенмін. Бірақ, көмекке менің тобымдағы жігіттер келді. 2 турдан өткен ойында біздің команда 56 ұпаймен 2-орынды иеленді.

Ойын өткен соң, мен бірден «Mobi Kino» қосымшасын жүктеп алдым. Енді назардан тыс қалған жаңа және ертерек жарық көрген киноларды қарпа міз болып жүрмін. Келесі жолы ойынға шақырса, сақадай сай дайын болатыным анық.

Айтпақшы, берген сыйлықтар керемет. Пайдалы әрі жылы екен. Рахмет, Kcell!