Өкінішке өзегімді күйгізіп,
Сені құдай қойды неге сүйгізіп ?..
Таптым десем қайда кеттің жоқ болып ?..
Тағдырыма кедергіңді тигізіп .
Қараңғысы болар бәлкім жарықтың ...
Күте бере қанша күнді қарыттым ?..
Сенің мөлдір көздеріңді күтем деп
Сапарымда жалғыз өзім қалыппын .
Бәлкім жоқ па саған менің керегім ?..
Оралшы сен қайта өзіме сүйгенім ...
Арманымды айтып-айтып заңғарға...
Жаңғырық боп сені іздеп келемін
10.06.12