Сіз білесіз бе? Астанада заманауи өнер орталығы ашылды

Сіз білесіз бе? Астанада заманауи өнер орталығы ашылды
жеке
блог

Бүгін де сурет көрме орталығы десе, көз алдымызға таңғажайып бояуларға толы суреттер елестейді. Жалпы бізге сурет не үшін керек?  Сурет əлімі əрбір адамның дүниетанымын кеңейтіп, ойын тереңдетіп, шығармашылық қабілетін аша түседі. Өзін мəдениеттімін деп санайтын əрбір адам сурет өнерінен хабардар болуы тиіс. Бүгінде Астанда қаласында көптеген сурет көрмелері бар. Мысалы, соның бірі ЭКСПО көрмесінде орналасқан "Астана заманауи өнер орталығы". Бұл көрмеде Қазақстанға танымал 15-тен астам суретшілердің туындылары халық назарына ұсынылған. Сонымен қатар көрмеде дəрістер мен дискуссиялар сериясы өтеді. Жəне келушілерге арналған заманауи өнер бойынша кітапхана жұмыс істейді. Не керектің барлығы осы көрмеде. Тіпті келсеңіз болғаны, сіз үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар бұл көрменің ерекшелігі-тегін кіріп, кез келген ақпаратты ала аласыз!!! Ал сіз үшін мына ақпарат міндетті түрде керек болады! Мекен-жайы: Астана қаласы, ЭКСПО көрмесі, 305 павильон.