Сериал сүйер қауым үшін. Менің рейтингім

Сериал сүйер қауым үшін. Менің рейтингім
жеке
блог

Қалайсыздар? Мұнда кірмегелі де көп болып кетіпті. Шынымды айтсам, пароль мен логинді де ұмытып кетіппін. Қазір қайта қалыпқа келтіріп алдым. Енді кіріп тұрамын. Жиі-жиі деп уәде бермеймін.

Мен негізі блог деген не екенін де білмеймін. Менің ойымша, ойда жүрген нәрселерді қағаза түсіру шығар. Қазір ойға келгені "сериал" болып тұр. Мен киноға қарағанда сериалдарды жақсы көремін. Осы уақытқа дейін де біраз сериал көріп тастадым. Енді солардың ішінен сіздерге кеңес айтып көрейін. (Типа ақылды болып).

Осы уақытқа дейін көрген сериалдарымның арасындағы #1 - "Побег из тюьрмы". 2005 жылы шыққан сериалды көпшіліктеріңіз көрген де шығарсыздар. Көрмесеңіздер көруге кеңес беремін. Әсіресе, 1 және 2 маусымы өте қызық. Бірақ 3 маусымнан бастап қызығы шамалы таусылады. Биыл 5 маусым шықты. Қызықтау. Саяси астармен түсірген. Майкл қайта тіріледі. Бұл жолы Сириядағы түрмелердің біріне тоғытылған. Енді көмекке ағасы келеді. Сара да шамасы келгенше көмектеседі. Обшым, нормально түсірген. Лостфильмнің өнімі ғой. Уақыт болса көріңіздер.


Менің тізімімде екінші орында ӘРИНЕ "Тақтар таласы". Наконец то қабырға қирады. Сериалдың сюжеті қатты ұнайды. Үнемі интригамен отырасың. Сонымен қатар спецэффектері керемет. Кетіп қалған уровень. Актерлік құрам да өте әдемі таңдалған. Маған Николай Костер Валдаудың рөлі ұнайды. Керемет сомдайды ғой жарықтық. 7 маусым аяқталды. Дейнерис пен Джон Сноу қосылды. Айтпақшы, екеуі туысқан болып шықты ғой. Ал Серсея Ланнистер болса әскер жинап жатыр. "Түн патшасы" болса қабырғаны қиратып, оңтүстікке жол тартты. Енді не болар екен. Асыға күтіп жүрмін келесі маусымды. Бір өкініштісі, келесі маусым 2019 жылы шығады дейді. Оған дейін 7 маусымды көріп алыңыздар. Өкінбейсіздер деп ойлаймын.


Үздік үштіктен "Барыги" сериаланы орын беремін. Атақты "Медельин кортелі" туралы. Даңқты норкобарон Пабло Эскобардың өмірі туралы. Бір әттегеней-ай АҚШ түсірген. Сондықтан Эскобарды шамалы дұрыс бермеген. Егер Колумбияның өзі түсіретін болса, басты рөлдегі тұлғаны бұдан да керемет етіп шығаруға болатын еді. Негізі сериал шын оқиғаның желісі бойынша түсірілген. Netfliх компаниясының өнімі. Атақты тұлғалар туралы сериал көргіңіз келсе, мәрхаббат!


#4 Марко Поло. Атақты саяхатшы туралы сериал. Айтпақшы, сериалдың көп бөлігі Қазақстан территориясында түсірілген. Құбылай ханның таққа қалай келгені туралы да айтылады.


Қан мен төбелесті жақсы көретіндер үшін "Спартак". Бұл сериалды бесінші орынға қойдым. Бірақ +18. Бейәдет сахналар өте көп. Дегенмен де мықты сериал. Достық, махаббат, адалдық туралы айтылады. Құлдардың көтерілісі. Бір бастасаңыз кіріп кетесіз. Менің кіріп кеткенім соншалықты, басты рөлде ойнаған Энди Уитфилд пен Лиам Макинтайр ауысқанын байқамай да қалдым. Бұл сериалда маған ұнайтын кейіпкер Ганниктің рөлі. Дастин Клэр керемет сомдайды ғой жар. Көріңіздер. Өкінбейсіздер.

+. Менен сый болсын. Тағы бір сериал. Өз рейтингіме қоспаймын. Бірақ керемет сериал. Әсіресе, ислам дінін зерттеп жүргендер үшін. Омар-ибн-әл-Хаттаб. Мұcылмандардың үшінші басшысы туралы. Өз басым керемет әсер алдым. Сіздерге де кеңес беремін.

Обшым мен жасаған сериалдың тізімі осындай болды. Енді сіздер өз рейтингтеріңізді жасаңыздаршы. Негізі тәптіштеп тұрып, ұзақ жазуға болатын еді. Бірақ жұмыс істеу керек. Уақыт тапшы (Сылтау ғой негізі).

Пы Сы. Келер жолы қол тигенде Қазақстандық сериалдардың рейтингін жасаймын. Жолыққанша, сау жүріңіздер.

Айтпақшы, блогтың ортасына сурет салып берген адамға мың алғыс:)