"АЙТ ДЕДІҢ-АУ" сырласу кеші...

25 қараша Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан #Almatyzhastaryшағын орталығында актер, әнші−композитор, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай мен шәкірті Ершат Қайырханмен «Айт дедің−ау» атты сырласу кеші өтті. Тек іріктелген поэзияға ғана ән жазатын композитордың ерекше әндерімен сусындаған тыңдармандар рухани қуаттанғаны анық. Ән кештерінің атауын өлеңдердің атымен атайтын Қадырғали Көбентай мен Ершат Қайырхан кеш барысында көрермендердің сауалына жауап беріп, #Almatyzhastary шағын орталығының еңбегіне сәттілік тіледі. Гитараны қазақыландырған ұстаз бен шәкірт сырласу кешінде «Айт дедің−ау», «Өнер адамы», «Сырымды ашам», «Сенгім келмейді» сынды әндерін орындады. Айта кетерлігі, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» Қоғамдық Қоры Алатау ауданының тұрғындарына қызмет көрсетуде. Яғни, Алатау аудандық #AlmatyZhastary aтты әлеуметтік шағын орталығы аясында тұрғындарға жігерлі жастарға, мектеп жасындағы оқушылар мен бүлдіршіндерге арналған түрлі шаралар, басқосулар ұйымдастырылады. Апта ішінде бірнеше сырласу кештері, жағымды жиындар мен көңілді кештерге куә болған тұрғындар орталық қызметкерлеріне дән риза. Орталықта бәрі тегін. Заманауи, жан жақты қалыптасқан тұлға болу үшін тіл меңгеру маңызды екені белгілі. Алматы жастары  осыны ескеріп ағылшын тілі курстарын ашқан. Сонымен қоса заңгер мен психолог кеңесі тұрғындардың қызығушылығын тудыруда. Ерекше орталықта кітапқұмарлар клубы да бар. Сіз өзіңізге керекті кітапты осы орталықтан таба аласыз. Кітап алмастырып оқу үрдісі де сізді қызықтырары сөзсіз. #AlmatyZhastary әлеуметтік шағын орталығы өнімді еңбек етіп, шығармашылыққа көңіл бөлуде.   «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» Қоғамдық Қоры Алатау ауданының тұрғындарына жақсы таныс. Себебі, апта сайын ауладағы алаңқайда футбол мен теннистен сайыстар ұйымдастырылып, жас спортшыларды ынталандырудан жалыққан емес. Орталықта ұлтымыздың құндылықтарын ұлықтайтын домбыра курсы мен шахмат курсы да тегін жүргізіледі. #AlmatyZhastary aтты әлеуметтік шағын орталығының жетекшісі Берік Ағыбаев мырза Алатау ауданының тұрғындарына осылайша қуаныш сыйлағаны үшін өзін бақытты сезінетінін айтты. Ғ.Құдайберген, Т.Кубеев, Ж.Қобландина, М.Бегімбет, Ә.Іңкәрбек сынды орталық қызметкерлері алдағы уақытта бұдан да зор нәтиже көрсетіп, еңбектерінің жемісті болатынына сенімді.  

 



Бөлісу: