AMA/American Music Awards-та қазақстандық Димаш Құдайбердіұлы құрметті қонақ болып қайтты ма?

AMA/American Music Awards-та қазақстандық Димаш Құдайбердіұлы құрметті қонақ болып қайтты ма?
жеке
блог

 2017 жылдың айтулы іс-шарасына айналған American Music Awards осы қараша айының 19 жұлдызында Лос-Анджелес қаласында болып өткен болатын.American Music Awards 1973 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан, нақты түрде "Grammy" шарасының бақталасы болып табылатын Америка елінің майталман әншілерін марапаттау іс-шарасы.Әлемге әйгілі, әлем халықтарын аузына қаратқан Selena Gomez, The Weeknd, Justin Bieber, Beyonce, Rihanna тәрізді әлемдік әншілер марапатталған іс-шарасына тікелей отандасымыз Димаш Құдайбердиев құрметті қонағы ретінде шақырылған болатын.Аталмыш іс-шараға қазақстандықтардан ең алғаш болып аяқ басып, Америка шаһарында болып келген Димаш Құдайбердиев екенін айта кетейік.Димаш Құдайбердиев Қытай елінде болып өткен "I am a singer" байқауында 2 орынның иегері атанып, бүкіл әлемді аузына қаратып, мойындатқан болатын.Әлем бойынша үлкен ықыласқа ие болып, 2017 жылы 27 наурызда Қытайдың Top Chinese Music Awards-тың "Азияның ең танымал әншісі" номинациясына ілініп, жеңіп шыққан болатын.Қазақстан, Қытайда ғана емес әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтың аузындағы талант иесі атанып қана қоймай, сонау Джеки Чанның назарына ілігіп, Джеки Чанмен кездесіп, өз қолымен иығына қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйлыққа тарту еткен.Ал енді міне, Американың құрметті қонағы болып, елімізді танытып жүр.Сонымен қатар, American Music Awards іс-шарасының қонағы болған, Оңтүстік Кореяның SM Entertainment қол астындағы GOT7 тобының танымал рэперы болып табылатын Джексонмен шоуды бірге тамашалаған болатын.Еліміздің осындай керемет, нағыз талант иесі болып табылатын адамдарды құрметтеп, бағалай білейік, достар!