"Сұңқар кубогы"

"Сұңқар кубогы"
жеке
блог

ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен КВН ойындары чемпионатының маусымашар кезеңі өтті. Жоғары деңгейде өткен сайыс, кіл мықтыларды анықтады. Шараның мақсаты - тек әзілді алға тарту ғана емес, сонымен қатар жастардың өміріндегі басты шындықтарды, студенттік өмірдің шындығын әзілмен әдемі жеткізу еді. Маусымашар ойынның тақырыбы: «Студенттік өмір – көтеріңкі көңіл».

«Сұңқар кубогы» КВН ойыны - ҚазҰУ студенттерінің  болашағын бүгіннен бағамдаған нағыз мықтылардың, сәтсіздіктен жаңа сенім ұялататын таланттылардың сонымен қатар жалынды жастардың  келешегін биікке көтеретін ең үздік жобалардың бірі. Маусымашар бойынша 17 командалар өз бақтарын сынады. 

Жалпы бұл маусымашар кезеңінің ерекшелігі: үздік әзілдерінің өткірлігімен көзге түсіп «Ең үздік ойыншы» атанғандарға сонымен қатар, «Ең үздік жанкүйер», «Ең үздік видео шақыру»  номинацияларын жеңіп алған ойыншыларға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Және көрермендер арасында лотерея ойнатылды.

Атап айтсақ:

  1. Mister маусымашар «Ең үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алған – «ФизТех» құрамасының ойыншысы Данабеков Бағланға  «Абырой» сағаты табысталды.
  2. Miss   маусымашар  «Ең үздік ойыншы» еркін құрама «InStyle» құрамасының ойыншысы Қаратаева Аружан арнайы зергерлік бұйыммен марапатталды.
  3. «Ең үздік видео шақырту» номинациясын «Мех-Мат құрамасы» жеңімпаздарға  «Love sushi» ұсынған 20.000тг қаржылай сыйлыққа ие болды.
  4. «Ең үздік жанкүйер» номинациясына арнайы пісірілген тәттілер тарту етілді.
  5. «Ең үздік әзіл» номинациясын Құқықтық тәртіп сақтау жасағы «ОПП»  құрамасы иемденді. Жеңімпаздар «IMBRA» компаниясы ұсынған 25000тг  қаржылай сыйлыққа ие болды.

 

Дәстүрлі  «Сұңқар кубогы» КВН чемпионатының жартылай финал кезеңіне өткен командалар тізімі:

  1. Химия және химиялық технология факультеті, «Химфак» құрамасы.
  2. Механика – математика факультеті «Мамасының балалары».
  3. Филология және әлем тілдері факультеті, «Неге бәрі қыз?».
  4. Журналистика факультеті «Айналайын».
  5. Физика және техникалық факультеті «Физ-тех» құрамасы
  6. Еркін құрама «InStyle».
  7. Механика – математика факультеті «Мех-мат» құрамасы.
  8. География және табиғатты пайдалану факультеті, «Бостон».
  9. Шығыстану факультеті, «Класстастар».
  10. Құқықтық тәртіп сақтау жасағы, «ОПП».

 

«Сұңқар кубогы» КВН чемпионатының жартылай финал кезеңіне өткен командаларға сәттілік тілейміз.

 

Қалған  7 команда қосымша лига ойындарына жолдама алды.

  1. Филология және әлем тілдері факультеті – «Feelight» командасы
  2. Журналистика факультеті – «Журфак джентельмендері» командасы
  3. Философия және саясаттану факультеті – «Alem.kz» командасы.
  4. Медицина факультеті – «Резус фактор» командасы
  5. География және табиғатты пайдалану факультеті – «Эверест» командасы
  6. Физика-техникалық факультеті – «NewTen» командасы
  7. Көмек қоғамдық қоры «Көмек» командасы