ОҚО мəдениетінің қоржыны тағы да жүлдемен толықты

ОҚО мəдениетінің қоржыны тағы да жүлдемен толықты
жеке
блог
Оңтүстік Қазақстан облысы мəдениет басқармасының қоржыны тағы да жүлделі жеңіспен толықты.
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, композитор Донеділ Қажымов əндерін орындаушылардың II-ші Республикалық "Ақ Жайық-ару мекенім" əн фестивалінде Оңтүстік Қазақстан облысының қатысушысы, бірнеше облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Өсербай Бөріханов жүлделі екінші орынға ие болды.
Əн орындау шеберлігі жəне шығармашылық жетістігімен облыс намысын қорғаған Өсербай Бөріхановқа толағай табыс, асқақ абырой тілейміз!з