Қиялымдағы махаббат ( Тоғысқан жанарлар... 1 бөлім)

Қиялымдағы махаббат ( Тоғысқан жанарлар...  1 бөлім)
жеке
блог
Көзім еріксіз оған қарады...
 
           Бұл жанымның қалауы еді.  Жо-жоқ! Қанша жанарымды бұрмайын десем де...   Дəп бір...    Көзім оны ғана көретіндей...   
 
Айналам қара түнектей, ештеңе көре алмаймын... тек.. бар байқайтыным алдымдағы   бейне.  Қараңғылықтың қойнауында бір жарық бейне өзіне баурап тұрғандай. Дəл жұлдыз секілді. Қызық!  Осы мен есімнен адасайын деген жоқпын ба екен?!))) 
 
Одан көз ала алмаймын, 
 
Жанарымды  басқа жаққа бұра алмаймын.
 
Осы аралықта бірер секунд өтсе де, мен оған өмір бойы қарап тұрғандаймын.    Менің жарық жұлдызым!  
 
_____________________________________________
 
 Сол сəтте жүрегімде бірдеңе жарқ еткендей болып,  аттай тулап жылдам соға жөнелді. Бір секундта алпыс рет соғып үлгергендей ме қалай? Бұл не? Маған тіпті таңсық сезім! 
 
  Кейін байқадым...  қос жанарымды жаулаған жұлдыз маған қарап тұр екен.  Өз көзім өзіме сенбейді!)   
 
Ол маған...
 
        Ал, мен оған...                   Осылай уақыт тоқтап қалса ғой деген ой келді  Шіркін, тұңғиық жанарына бір бойласам... 
 
Жанарымыз тоғысқанда одан  сəл ұялшақтық пен өзіне деген сенімділікті байқадым. Қызық , бұлай болуы мүмкін бе?  Ойым сан-саққа жүгірсе де, осылай тұрған жаныма жағып қалғандай  ұзақ қарадым.             Ал...  ол... не байқады екен?  Не ойлады екен?
 
Бір-бірімізге бөтен болсақта, дəл сол мезетте маған жақын адамымдай болып көрінді... Жаныма жақын сол бейне... сол жанар...
 
 
 
Жалғасы бар...