Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қызықты жағдай Бірақ түсініксіз

Қызықты жағдай Бірақ түсініксіз

Қызықты жағдай Бірақ түсініксіз

Атырау аспанында түнде тосын құбылыс көрініс берді

Атырау аспанында жұмаға қараған түні әдеттегіден өзгеше айрықша жарық пайда болып, бір сағатқа жуық уақыт тұрды, өз пәтерлерінің балконы мен көшеге шыққан мыңдаған қала тұрғындары бұған әжептәуір абыржып қалды.

 ерекше құбылыс Атырау аспанында жергілікті уақытпен түнгі сағат 22-ге таман көрінген. Бұлтсыз аспанның төрт жерінде бірдей уақытта көзбен шолғанда ұзындығы бір шақырымнан асатын жарық сәуле шашқан көгілдір иірімдер пайда болған. Оның алғашқы пайда болу көрінісін тамашалап үлгергендердің айтуынша, аспаннан бір түсініксіз заттар құлағаны байқалған. Олардың үшеуі бірдей тең жағдайда құлаған, артында көгілдір жарық шашқан із қалып қойған, ал тағы біреуі шиыршықтала төмендеген. Ең жарық зат қаланың орталық бөлігінде байқалды: ол үлкен көгілдір күңгірт медузаға ұқсайды. Бұл құбылысты Атыраудың шет жағынан бақылағандар аспаннан құлаған екі заттың соңында от шашқан із қалғанын айтады, ал ол қала ішіндегілерге байқалмаған.

Қаланың байырғы тұрғындары қала үстінде осыған ұқсас құбылыстың 1974 жылы байқалғанын еске алды. Кейін адамдарға мұның Байқоңырдан ұшырылған зымырандардың ауада жанып кеткен бөлшектері деп түсіндірген.

Кейіннен белгілі болғандай, шамамен осы уақытта Ресейдің стратегиялық мақсаттағы зымыран әскері Астарахань облысындағы «Капустин Яр» полигонынан континентаралық «Тополь» баллистикалық зымыранын ұшыру сынағын жүргізген. Ұшырылым Мәскеу уақытымен сағат 21.39-да іске асырылған. Әскерилердің айтуынша, зымыранның әскери оқу бөлімі Қазақстандағы «Сары-Шаған» полигонындағы шартты нысананы ерекше дәлдігімен таңғалдырған.

Ал Атырау аспанындағы жарық сәуле шашқан көгілдір иірімдер «Топольдің» бөлшектері ме, жоқ па – бұл жайында әскерилер ештеңе айтпады.

3467 9
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 08 маусым 2012, 22:25
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 23:26

Қызылордалық досым кеше түнде сол сияқты жарық сәуле көргенің айтты. Бізде, Астанада байқалған жоқ.

+0
09 маусым 2012, 00:07

я біз жакта бәрі дүбірлеп кетті, екі ай шықты дейма, жарық жарқ ете қалд дейма :lol:

+0
08 маусым 2012, 23:32

Анау сурет сол жарық па? Не болуы мүмкін бұл?.. Тек жақсылық болсын...

+0
09 маусым 2012, 01:49

Россиядан ұшырылған Тополь деген ракета тексеру үшін атылға дейдіго ))) korikpandar ;) ;)

+0
09 маусым 2012, 11:23

Бұл көрініс барлық қаланың аспанында көрініс алса керек шамасы.. Бізде Шымкентте де болды, пішіні үлкен, шар тәріздес, жәймен ғайып болып, аспанға сіңіп кетті.. Сол ракета ұшырылған, көпшіліктің пікіріне сүйенсек..

+0
09 маусым 2012, 12:49

Бұл құбылыс Маңғыстауда да болды сол күні :roll:

+0
09 маусым 2012, 14:25

Иә, Ақтауда да неше түрлі нәрсе айтып адамдар шулады ғой осы жайында

+0
11 маусым 2012, 02:59

Атырау облысына жақын , Астрахан жерінде зымыран аспанға сәтті ұшырылды . соның артында ауада қалған ізі ғой басқа ештеңе де емес . Саспандар

+0
11 маусым 2012, 14:08

не боп кетті :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев