КЕЗЕКСӨЗ: Мен жайлы

КЕЗЕКСӨЗ: Мен жайлы
жеке
блог

Гүлденген әлем, Сандуғаштан Массагет жұртшылығына жалынды сәлем!!!

ЕЕЕЕ Мен жайында айтылатын сөз де көп, ой да көөөөпп)))

Кезексөздің таяқшасы Гүлнұр құрбымның қолынан қағып алдым.

1.Өзім жайлы

 Мен сонааау, мың да бір тоғыз жүз сексен үшіншінің қоңыр күзінде дүниеге шыыррр етіп келе қалған екенмін)) Қой, әзілді былай қойып, нақты жауапқа көшейін. Мен 1983 жылы қарашаның 21-жұлдызында түскі сағат 13:00-де ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай өңіріндегі Үлгілі ауылында дүниеге келдім. Бір қызығы, анам мені аяқ астынан үйде босанып қойыпты. Сондықтан болар, кішкентайымнан анама өте жақын боп өстім. Етегіне жабысып алып, қасынан екі елі қалмай жүретінмін. 1989 жылы 1-қыркүйекте ауылымыздағы номірі 14-ші Қасым Қайсенов атындағы орта мектеп табалдырығын аттадым. Менің балалығымның 11 көктемі осы мектеп қабырғасында өтті. Содан 2000 жылы мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетіне оқуға түстім. ҰБТ тапсырып 89 баллмен мемлекеттік грантқа қол жеткізгенімде қатты қуанғаным есімде. ЖОО-нда жүріп Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауына қатысып, облыста бас жүлдені алдым. Содан не керек, ұйымдастырушылар мені Астанадағы республикалық сайысқа жіберді. Онда еліміздің 19 облысынан 19 үміткер жиналдық. Үш күнге жалғасқан байқауда мен үшінші орынды иемденіп Шымқалаға қуанышпен оралдым. Осы леппен жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында «Қайырлы күн» бағдарламасына тележүргізуші болдым. Сонымен таңертең сабақта, түстен кейін жұмыста қарбалас өмір басталып кетті. 2004 жылы Отырар телеарнасындағы Дина Төлепбергенова құрбымның шақыруымен осы арнаға ауыстым. Екі жылдай жұмыс істеп, Алланың бұйрығымен өмірлік жолдасымды жолықтырдым. Сонымен 2006 жылы тұрмыс құрып, бүгінде тап-тәтті екі ұлдың анасымын. Осыған Аллахыма сансыз шүкір деймін. Қазір "Балапан" арнасындағы «Дәрумен» бағдарламасының продюсерімін және «Өнеге» журналында ред.корректормын. Шүкір!.Мінезім ашық. Кіммен болса да, тез тіл табыса аламын. Бірақ бір бойыма жететін қырсықтығым да бар)))  Бірақ ұстанымым «адамның қолынан келмейтін іс болмас», «Живи не вредя никому».  

2.Хоббиің не?

Кітап оқығанды ұнатамын. Бірақ ол үнемі бола бермейді. Көбіне балаларыммен бірге ойнап, соларды еркелетіп отыруды үнатамын.  

3.Қай елге саяхат жасағың келеді?

/Сұлулықтың астанасы Парижге барғым келеді/ Бірақ мен үшін туған елден артық жер жоқ.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса?..

Адам болып туылғаныма Аллама шүкіршілік етемін!

5. Өмірлік ұстанымың?

Ешкімге зиян келтірместен, керісінше пайдалы істерге ұмтылу басты қағидам.

6.Алғаш рет сүйіскенің есіңде ме?

Құпия)))

7.Кімді жақсы көресің?

Ата-анамды, бауырларым, жарым мен балаларым...

8.Сүйікті әнші, әртіс, саясаткерің, неге ол?

Мәдина Сәдуақасова – нағыз қазақ қызы. Өзіне тән ерке қылықтары, сахнада өзін-өзі ұстауымен...

9.Сүйікті спорт түрі?

Теннис. /Боулинг/

10.Сүйікті фильм?

Киноны көп көрем деп айта алмаймын. Бүрын үнді фильмдерін көріп, әбден жылап алатынмын))) қазір елімізде түсіріліп жатқан төл туындыларымыз ұнап келеді. Мәселен, «Ағайынды», «Жау жүрек Мыңбала» т.б.

11.Үйде кім басшы болу керек?

Әр отбасының отағасы басшы болуы керек. Еркектің ісінде береке бар деген...

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Отағасы ұстауы тиіс.

13. Сүйіктіңіз басқа мемлекетке кетем десе, бірге барар ма едіңіз?

Әрине, жолдасым қайда болса, мен де сонда боламын.

14.Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні не?

Жаратқанға құлшылық етіп, парыздарын өтеу үшін, жақсылыққа ұмтылу үшін...

Тауық бірініші пайда болды ма алде жұмыртқа ма?))))) /Бұл Гүлнұр құрбымның маған бағытталған сұрағы ғой, шошымаңыздар))) /ЕЕЕЕ білсем, соны сенен сұраймын ба десей)))

Бұл сұрақтың жауабын білмеймін және ешкімнің білмейтініне де сенімдімін.

Кезексөздің таяқшасын ресми түрде інім, «Меломен» тобының мүшесі Жігер Ауыпбаевқа тапсырдым. Жігер, алға! Шегінерге жол жоқ, артымызда Қазақстан!