ПЕРІШТЕ... МҰҢ... ЖАУАП...

ПЕРІШТЕ... МҰҢ... ЖАУАП...
жеке
блог

 

       Анасы өмірден өткенде ақ алғысты болған екен... 82 жылы сүйкімді сіңлісі (әлде інісі...) өмірге келуі керек еді ғой... Бірақ...
      «Жұмаққа кетті» деп жатты үлкендер анасы көз жұмғанда. Он жасар қыз жұмақ жайлы, о дүние туралы қайдан білсін...«Жұмаққа кімдер барады» деп сұрады сонда, анасы бейнебір басқа ауылға қоныс аударып, өзі соңынан іздеп баратындай... Үлкендер жұмақты «жүрегі мейірімге толы, жан баласына қиянат жасағанды білмейтін адамдар ғана жететін «мекен» деп түсіндірген еді сол кезде. Жанашырлық сезімі солай орныққан кеудесінде, адамгершілік сезімі жүрегіне «жұмақ» жайлы ұғыммен бірге келді... Ешкімге қиянат жасамаса, барлығына көмектесіп жүрсе, барар жолды оңай тауып, анасымен қауышатынына бала жүрегімен сенген болатын. Бар ойы – осы... 
        Одан бері 30 жыл өтіпті... Бойжетті. Өзі де ана атанды.  Жұмақтан орын іздерге шамасы қайда, періште емес, пенделігі басым. Күнәсі де баршылық. Бірақ бала күннен қалыптасқан дағдысы қалған жоқ. Жаны ашып тұрады, көмектескісі келеді. Кімге болса да... Еш өзгермеген. 
       Осыған қуандым...