жеке
блог

Болашаққа апарар билет барма?

Дәл қазір қиялдап отырмын.Жүректе толған арманымды болашақтың еншісіне байлап қойғандаймын.Әйтеуір,күтерім көп.Бәрі орындалатындай көрінеді-ау,тек қиялмен шектеліп қалмасам екен.Бәрі әдемі.Күніге билет беріп отырғызатын қоғамдық көліктің бір сиқырлы түрі шықса ғой.Төленетін сол 80 теңгемен болашағыма саяхаттап келсем,қандай күшті иә?!Болашағымның есігі ашылып,күткен,болжаған ойларым,көкейімдегі толы арманым бәрі орындалып,жүзі қуанышқа толы өзімді көрсем,өмірде менен асқан бақытты жан жоқтай болатын шығар!Сол әлеммен қимай коштасып,сол күнге жетуге асығатын болармын.Егер тек жақсы жағын көрсем,керемет өмірімді жанымдағыларға баяндап беріп,ал көңілімді түсіретін құбылыстарды байқасам,онда басқаларына бармауға кеңес беретін шығармын.Менің қиялым шексіз!Сол себептен бәріне тез жеткім-ақ келеді.Бірақ,бәрі өз уақытымен.Кейде уақыттың көп күтуді талап ететін кезі болады.Сондай кезі ұнамайды.Уақытта маған ренжідіме,әлде ғажайыпқа сендіргісі келдіме,сиқырлы сағат жүйрік аттай бірнеше жыл алға жүріп,барар сапарына меніде ала кеткендей.Түсініксіз күйдемін."Ең бастысы,ата-анам жанымда,балалары үшін мақтанған бақытты жүздерін көрдім.Бауырларымда халқына еңбек етіп,жоспарлап жүрген,үлкен үй салынып,ішін әсемдеп жүр екенбіз.Тәп-тәтті жиендерім өсіп,мектепті де аяқтайын деп жатыр екен.Теледидардан берілетін бағдарламаның барлығы қазақ тілінде сөйлеуде.Қазақтанды әлем танып,мәдениетін,тілін үйренуді қалайтынын естіген менің қуанышымда шек жоқ.Менің де асқақ арманым орындалып ,өміріме риза екенмін!".Міне осындай түс көрдім кеше.Негізі ұйықтар алдында көп ойлансаң ,ойлаған нәрсеңді түсіңде көресің.Сиқырлы әлем есіме түсіп еді,түсіме сиқырлы сағат болып енді де кетті.Әй,бірақта ,мен болашағымды түсімде емес,дәл қазір болашаққа апарар билет болса,өзім-ақ көргім келіп тұр.

Адамның арманының шегі жоқ-ау,сірә!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда