Мен келдіііііімммм...

Мен келдіііііімммм...
жеке
блог

    Ассаламуалейкум, достар! Массагетке кірмегеніме көп болып, сіздерді сағынып қалыппын. Өздеріңізбен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Бұрындары у-шу болып, бір-біріміздің блогтарымызды аңдысып отырушы едік, қазір шу шығаруға уақыт болмай кетті. Арадағы екі ай үзілістен соң сіздерге айтар жаңалығым өтеееее көөөөөөөп. Өткен екі айда өмірімде орын алған қызықты оқиғалар мен сәулелі сәттер жайлы кейінірек сыр бөлісермін. Әзріге айтар басты жаңалығым, ертең біздің "ӨНЕГЕ" журналымыздың жаңа саны жарыққа шығып, оқырмандарына жол тартпақ. Мұқабада: Мейрамбек Бесбаев!

       Жайдары жаздың алғашқы айында басылып шыққан жуналымызда сіздер көптеген қызықты сұхбаттарды оқып, әлемді таң қалдырған мәліметтер жайлы біле аласыздар. "Алдараспан" театры, "Орда" тобы, "Жұлдыздар шаршы алаңда", Толқын Забирова, Жанар Айжанова және т.б өнер иелері жайлы сырласамыз. Сондай-ақ, Мейрамбек Бесбаевтың "Қызымның салған суреттері таң қалдырады" атты эксклюзивті мақаласыда тек сіздер үшін. Ендеше қапы қалмаңыздар!

     Ал мен сіздермен енді күн сайын Массагетте блогтарым арқылы, ой бөлісіп отыратын боламын. Қазір келесі журналдың жұмыстарына кірісейін. Айтқандай, келесі басылымымыздың басты кейіпкері Сәкен Майғазиев. Бүгін таңғы 8-11 аралығында сол сері жігітке, Президент саябағында фотосессия түсіріп қайттық. Общем түсірілім сәтті өтті. Маған ұнады:))) Жаңа фотоларды жақын күндері біздің журналдан көресіздер. әзірге осы, келесі кездескенше сауууууууууууууууу!!!!!