Кір жууға арналған үздік құралдар
жеке
блог

Кір жууға арналған үздік құралдар

 

Кір жуғанда оған қолданылатын жуғыш құрал да маңызды рөл атқарады. Жуғыш құралдардың арасында үнемдісі де, күштісі де, экологиялық таза өнімдер де кездеседі. Осылардың қайсы тиімді екенін анықтау үшін кір жууға арналған заманауи 3 құрылғыны сынап көрдік.

Ең күшті

Ariel компаниясының зерттеуі бойынша, үй қызметкерлерінің 85%-ы кір жуу саласындағы технологиялық жаңалықтар көлемі жағынан кішігірім, ал әсер ету жағынан күшті болғанын қалайды. Дәл сол үшін Ariel біреуінде үш қасиет біріктірілген құралды ойлап тапты. Құнарлы және үшсекторлы дизайнымен ерекше, көлемі кішігірім 28 мл PODS. Олар түрлі маталарға сіңіп қалған дақтарды жақсы кетіреді, сонымен қатар түрлі түсті және біртүсті киімдердің қанықтығын сақтайды.

 Капсуладагы компоненттер кір жууға дейін бөлек тұрады да, кір жуылып жатқанда қабығы жарылып, белсенді ингредиенттер шығады. Ariel-дің бұл жаңалығы – қарапайым ұнтақ кетіре алмайтын дақтарды кетіруде үлкен септігін тигізеді.

Қойылтылған

Amway компаниясының деректеріне сүйенсек, бүгінде сұйық кір жуғыш ұнтақтар белең алып келеді. Тұтынушылар оларды сақтау ыңғайлы екенін, мөлшерін дұрыс таңдауға болатынын және үнемді екенін баса айтады. Және тағы бір артықшылығы – төменгі температурада тиімді жуады.

Amway Home компаниясы ұсынған кір жууға арналған SA8™ қойылтылған ерітіндісі 15 градустан жоғары температурада жууға және дақты тиімді кетіруге көмектеседі. Бұл электр энергиясын біршама үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай әсерге құрамындағы жоғары концентрация арқылы жетіп отыр.

Экологиялық таза өнім

Соңғы жылдары табиғатқа еш зиян әкелмейтін экологиялық таза өнімдерге деген сұраныс артты. SPLAT бренді табиғатқа жанашыр жандарды ойлап, BioMio кір жуғыш ұнтағын ұсынды.

BIO-WHITE және BIO-COLOR – ақ және түрлі-түсті киімдерді жууға арналған экологиялық кір жуғыш ұнтақтар мақта сығындысынан тұрады, дақтарды жақсы кетіреді және матаға зақым келтірмейді. Құралда фосфаттар мен цеолиттер жоқ және құрамындағы энзимдер мен тензидтердің арқасында төменгі температурада да жақсы жуады. Бұлар балалар киімін және терісі сезімтал адамдардың киімдерін жуғанға өте тиімді.