"21 ғасыр адамдарының қандай болуы керек?" деген сұраққа менің ойым!

"21 ғасыр адамдарының қандай болуы керек?" деген сұраққа менің ойым!
жеке
блог

21 ғасыр ол білім мен мәдениеттің,техника мен өнердің "бәсекеге" түскен кезеңі.Қазіргі кезде адамдар бұрынғы жаугершілік замандағыдай білек күшімен емес ақылдың,білімнің күшімен өзін көрсете білуге міндетті.Білекті бірді,білімді мыңды жығады деген мақал да осыған байланысты айтылды емес пе?Иә,әрине.Бұл заманда адамның білімі болмаса мақтанарлықтай жетістікке жетуі екі талай!Ал білімді адамға қай жерде болмасын зор мүмкіндіктерге жол ашық екені белгілі!Бұл заман талабы!

Қазіргі кезде оқимын,қажетті білім аламын деп талаптанған адамға ешқандай да кедергі жоқ!Ақпараттың заманы болғаннан кейін ізденіп,талаптанған адам баласына бәрі де қолмен ұстата салғандай дайын!Ғаламторды ашып қалсаң бәрі де дайын тұрады.Тек қана адам баласының бір қателігі ол оның жалқаулығы.Жалқауланып жата берген адамға кімнің көмектескісі келеді бұл заманда?Сондықтанда 21 ғасыр адамы еңбекқор,жан-жақты,көп ізденісте болғаны жөн деп есептеймін!