Жалғыздық жақсы

Жалғыздық жақсы
жеке
блог

-Оның ешқандай жаман әдеттері жоқ. Ол тіпті жақсы көруді де ұмытып кеткен, ғашық болуды қойып кеткен...

-Міне ,сол үшін мен оған сенбеймін. Ол осы үшін қорқынышты адам.

-Бастысы да сол емес пе?! Неге оны жаман адам ретінде көргің келеді,түсінбеймін.Есесіне ол сені сезіммен қинамайды ғой,ақымақ.

-Неге жаман адам ретінде көргің келеді деймісің?Себебі,мен қорқам.Оны ұнатып қалғым келмейді.Ол- сезімсіз.Сондықтан сенімсіз.

-Мейлі...Ол -шынайы адам.Сен үшін екіжүзділікке салынбайтыны да жақсы. Жәй айтқаным ғой. Екеуіңнен керемет жұп шығар еді.Сен оны қуантар ең ...

- Біз ешқандай  шынайылық өндірмейміз.Ол өзі бар нәрсе ме десеңші.Сондықтан шынайылығын айтпа. Ондай адам болмайды да. Сенбе. Көзінен көре аламын деп те ойлама. Себебі,шынайылық біздің әлемде жоқ.Ал жоқты іздеме.

-Ол да рас. Бірақ саған сенбеймін. Өзің айтқандай шынайылық жоқ. Демек, сен де шынайы емессің. Сөздерің жалған.

-Өзің біл) 

-Сонда  оның уақытын босқа алып жүргенің бе?

-Жоқ,өз уақытымды текке жіберіп жүрмін.

-Қателік үшін) Неткен ақымақтық!

-Мүмкін...

-Сонда  сезім өзің айтқандай болса, оның қай жері ғаламат күй кештірді? Дұрысы не болды? Бәріне көз жұма қарау ма? Ол секілді сезімсіз жақсы АДАМ болу ма? Айтшы

-Жалғыздық жақсы