Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Алапес" адам

"Алапес" адам

Қарағанды өңірі аты алты алашқа белгілі ұлдарымен қашанда мақтана алатын. Солардың бірі Ғабиден Мұстафин.  Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалар жазып,өндірістік бағыттағы  «Қарағанды» секілді романын жазу үстінде Ғабең не ойлады екен? Романына арқау болған қалаға өзінің бюсті қойыларын білді ме екен?

Биыл 110 жылдығын түрлі дәрежеде атап өтіп жүрген жазушымыздың ескерткішінің жағдайы көрген жанның аянышын тудырары сөзсіз. Ерінбеген құстың бәрі осы кісінің ескерткішіне қонып,басына саңғырып кеткен тәрізді. Өзі қатты бір алып ескерткіш те емес. Арнайы машина алдырып,кранмен көтерілуді қажет ете қоймайды. 4 тепкішегі бар қол сатыңыз болса жеткілікті. Ғабеңнің түрін тым болмаса кітап бетінен бір рет көрмеген адам сыртынан көріп «Апырмай-ә, мына кісі алапес болған екен-ау» деуі де ғажап емес. Қаламмен достығын фельетон жазумен бастаған Ғабең, өзінің 110 жылдығы қарсаңында біреудің әжуаға толы жазбасының кейіпкері болармын деп ойлаған жоқ еді. Ойлайтын да жөні жоқ,біз әжуаласақ, бұған жол беріп отырған өзімізді әжуалап отырмыз.

Ғабеңнің ескерткіш-бюстінен 100 құлаштай жерде кезінде «Күн көсем» атанған Ленин ақсақалдың алып ескерткіші бар.  Бас пен кеудеден ғана құралмаған соң ба, бұл ескерткішке құстар қона қоймайды. Сірә, қол аяғы бар ескерткіштер құстарды жақсы үркітетін болса керек.

Бұған жауапты мекемеге хабарласқанымызда (Саябақ және демалыс орындары басқармасы) бастықтарының қолы бос емес екенін жалықпай айтудан шаршамаған қызбен сөйлесуден жалықтық. 2002-ші жылы ашылған ескерткішті 2012-ші жылы бір-екі рет сабындап жуып алса артық болмас еді.

2568 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 01 маусым 2012, 16:27
Тегтер: Ғабиден Мұстафин, 110 жыл, Қарағанды
Пікірлер
+0
01 маусым 2012, 17:01

болмаған екен. Негізі қалада ескерткіштердің тазалығына, бүлінбеуіне жауап беретін мекеме болатын еді ғой. "Қала құрылыс" деген сияқты.

+0
01 маусым 2012, 17:06

/Бұған жауапты мекемеге хабарласқанымызда (Саябақ және демалыс орындары басқармасы) бастықтарының қолы бос емес екенін жалықпай айтудан шаршамаған қызбен сөйлесуден жалықтық./
деген жолдарды оқымай кеткен секілдісіз)))

+0
01 маусым 2012, 17:36

Шынында да аянышты екен мына түрі. :(

+0
01 маусым 2012, 17:59

Орынды мәселе көтерген екенсіз... Әй, бірақ бізде бұған селт ете қоятын адам болмас... Өзіңіз жаныңызға рухтас қыз-жігіттерді ертіп алып, бір жексенбіңізді Ғабеңді "алапестіктен" тазартуға арнамасаңыз)))

+0
01 маусым 2012, 23:03

Жуатын бір адам жоқ па... :(

+0
02 маусым 2012, 00:39

Әжуаны қатырыпсыз. Дегенмен, бұл жазбаңыз жазушыға деген аяныш сезімін тудырып отыр. Қазақ жазғыштарының осы бір мүсәпір бейнелері алдымнан шыға беретін болды. Кітап дүкеніне барсаң, қазақ тілді кітаптар мөлиіп-мөлиіп бір бұрышта тұрады. Жұртта қалған қыз секілді... Кереуеттің астына түсіп кетіп, ұмытылған зат секілді...Керексіз, сұраусыз. Алыстан орағытқаныңыз алып жазушыға шағын ескерткіш жарасқан ба деген сұрағыңыз ғой...Әлбетте... :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев