Мен неден қорқамын?

Арманы,алдына қойған мақсаты бар және де талабы биік жандарды көргенде қуанамын.Атам марқұм "Армансыз адам-қанатсыз құспен тең" деп айтып отыратын.Шынымды айтсам осы сөздердің мағынасын бойжете келе түсінгендеймін.Осы өмірде бір нәрсеге ғана шектеу жоқ деп ойлаймын.Ол,әрине,армандау.Адам қанша армандаймын,қанша қиялдаймын десе де өз еркінде.

Сол секілді менің де өз армандарым болған.Әлі  де бар.Арманым болған демекші:суретті жақсы салып,суретші;аз уақыт домбыра үйірмесіне қатысып,домбырашы;би үйірмесіне қатысып,биші;тіпті тележүргізуші және дизайнер болуды да армандағанмын.

Ал қазір ше?Қазір кім болуды армандайды дейсіз бе?Онда менің жауабым: Қазіргі таңда қазақ киносының өркендеп,дамып,өсіп,өніп келе жатқан кезі, сәті десек те болады.Осы қазақ киносының салт-дәстүрін,әдет-ғұрыпын,мәдениетін,әдебиетін көрсете білетін фильмдерге түсіп,қазақ киносының әлемдік аренаға шығуына титтей де болса да үлесімді қосып,әртіс(актриса) атанғым келеді.Ата-анам мені теледидардан көріп "әне,қарашы анау менің Мақпалым ғой" деп мақтанышпен айтатындай,  артымнан ерген ініме үлгі болғым келеді.

 

Бірақ мен бір нәрседен қорқамын.Мен күнделікті өмірдегі істелмей қалған тірлігімнен,алдымдағы ішілмей қалған асымнан,баратын жеріме жете алмай қалғаннан қорықпаймын..Менің армандаған арманым орындалмай,армансыз адам болудан қорқамын.Неге дейсіз бе?Өйткені арманы жоқ адамның болашағы да жоқ.Ал болашағы жоқ адамнан не күтуге болады?

Сондықтан да достар армандайық және де арманымызға ұмтылайық!

 

 



Бөлісу: