Бүгін...

Бүгін...

Бүгін еліміз бойынша ҰБТ басталды. Осы сәтті бірі «тазірек өтіп кетсе екен» деп асыға күтті, бірі «Мәәәсаған, ҰБТ кеп қалды ме не уже?» деп кеше ғана есін жинады, енді бірі «ҰБТ деген не?» деп ол жайында мұрны иіс сезбей жүр әлі де...


Бүгін алдында бір үлкен белестің барын сезініп, он бір жылдық білімнің нәтижесін шығармақ боп болашақ студент отыр партада... Партада! Соңғы рет...


Бүгін баласының тақымын қысып, жанын шүберекке түйіп ата-ана жүр баласы жақты төңіректеп.

Бүгін – бақ пен баптың жарыса шабатын күні. Қайсысы алда келеді екен?..

Бүгін – Алланы көп еске алып, Оны ауыздарына көп алатын күн...(Басқа күндермен салыстырғанда)

Бүгін – қуанышқа батқандар үшін «қуатын»,  жақсы жинағандар үшін «жуатын күн»...

Бүгін – бәз бірулер үшін өміріндегі ең бақытты күн, ал кейбіреулер үшін керісінше (Жаман айтпай, жақсы жоқ)...

Бүгін – мақатанатын күн, шаттанатын күн!

Бүгін – ертеңді көп ойлайтын күн...

Бүгін – кешенің нәтижесін  көретін күн!

Бүгін – басқа күндерден  ерекше күн!

Бүгін – «үш жарым сағаттан соң бүкіл әлем тоқтап қалатын» күн...

Бүгінгі талапкер – кешегі оқушы, ертеңгі  студент!

Бүінмен өмір тоқтап қалмайды! Барша талапкерлерге сәттілік тілейміз! Естеріңізде болсын, құрметті бітірушілер, ҰБТ - өмірдің соңы емес, керісінше болашақтың бастауы, алдыда кездесетін асулардың тек алғашқысы ғана!

 

ҰБТ-ны өткергендердің атынан))



Бөлісу: