Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Кассадагалық қуыршақ театры: быламық

Кассадагалық қуыршақ театры: быламық

Кассадагалық қуыршақ театры: быламық

Бұл фильмге жеке пікірімді жазу-жазбау туралы күмән-күдік келіп-ақ қалған еді. Мойын бұрып мән беруге тұрмайтын дүние, бірақ, «Прометеймен» таласып-тармаспай, жүйке талшықтарымды тоққа соқтыртып алайын деген көрерменге арнап сөз сүйкей кетуді жөн көрдік.

Қысқа іш киім (әлде көйлек, әлде шолақ шалбар – бәрі бар) киген әдемі қыз басына түскен қайғыдан қашып (сіңлісі көлік астына түсіп, қаза болады) АҚШ-тың паранормалды астанасы атанған Кассадага атты шағын қалашыққа барады. Жергілікті жігіттің басын айналдырып, өзінің де басы айналып «ахохойлап жүріп» әлдебір медиумның үйінен бір-ақ шығады.

Сіңліммен сөйлестір деген біздің бас кейіпкердің сөзін жерге тастамаған сиқыршы кемпір құрал-жабдығын құрып жіберіп байғұс әруақты шақырып алады. Алайда, жаны тыныштық таппаған, ит азаппен өлген тағы бір рух жолдан қосылып Лилидің (жаңағы қыз қой, айтпақшы құлағы естімейді, елдің ерніне қарап қана сөз ұғады) жанын көзіне көрсетеді. Содан, ал кеп шошыт, ал кеп қорқыт...

_3

Қорқыт демекші, «Кассадага» күтпеген жерден пайда болған түрі жаман (тіпә-тіпә, кет бәлекет) тіршілік иелері мен әдемі қыздардың шыбын жанын шырқыратып тұрып кескілеп қуыршақ (марионетка, суретін көремін десеңіз фильмге барыңыз) жасайтын қанішерімен «жынға тиеді».

Кинода арысы күлкі, берісі түсінбеушілік туғызатын кадрлар баршылық. Жеке өзім Лили мен Майк (жігіті ғой) оңаша қалып, сезімге беріліп жатқанда, бір шеттен келіп, қарап тұрған Дженнифердің... ах-ах-ах, кешіріңіз, Дженнифердің кек қайтаруды тілеп жүрген әруағының тірлігін түсіне алмадым. Әрине, Лилидің түсіне бір, өңіне екі келіп, шошытып, құрт-құмырсқа құстыру бір бөлек, хоррор атаулы жүрегіне майдай жағатын көрермен одан эстетикалық ләззат алуы әбден мүмкін, алайда, әлгіндей қисынға келмейтін қиын сәттер арзан эффект әсерін ғана сыйлайды екен.

_5

«Кассадаганың» құрылым формасы құз биіктен қарағанда сол баяғы классикалық голливуд үрейлі фильмдерінің мысалын көрсетеді. Әйтпесе, айдаладағы қаңыраған алып үйге есі дұрыс адам (оның үстіне қыз басымен, қыл шашымен) барып тұра ма!?

Бас кейіпкер болып бұта-бұтаның арасымен қашатын Келен Коулмэн атты актриса бұдан былай көзге жиірек түседі деп болжап отырмын. Аудиторияның назарын сүйкімді жымиысы мен пошым-бітіміне аударып қойып отыратын кино-маман алдағы уақытта ауқымды жобаларға шақырылса таң қалмаспыз.

_4

Басқа актерларды сөзге қоспай-ақ қоялық, себебі фильм авторларының мақсаты талантты таныту емес, бөлінген бюджетті бас-аяғына дейін игеріп, байғұс көрерменді бір шошытып алу болғанға ұқсайды. Оның үстіне, режиссер Энтони ДиБлейси режиссер Алехандро Аменабар емес, кассадагалық басқа актерлардың да Хавьер Бардемға ұқсап бара жатқаны шамалы.

Көрермен ретінде құлқымды қашыратын дүние – хоррорға мелодрамалық элементтердің араласуы. Айналайын, автор, антиқаһарманың атсын, шапсын, кессін, іресін, сойсын, өлтірсін, құртсын, бас кейіпкерің қашсын, құтылсын, құдыққа құлап өлсін, бірақ, сорасын ағызып жылатпашы тек дегің келеді. Бағана ғана көзі жарқылдап жүрген жанның шашын жайып жіберіп сықсыңдап отыра қалуы аттандап, атмосфераны енді сезініп келе жатқан залдың ана жер, мына жерінен мырс-мырс күлкі шақырды.

_2

Жә, жарамсыз екен, «Қара киімділерге» барып қазақы дубляждың қалтасына қаржы қосып қайтайын десеңіз өзіңіз білесіз, әрине, бірақ, «Кассадаганың» екі сағатқа жуық есті айырып, түсті қашыратынын ұмытпағайсыз. Жүрек суылдатар фильм керек десеңіз, мархабат!

Кім біледі, біраз уақыт өткен соң, дүкен сөрелерін аралап жүріп, сырты хоррорсүйер адамды қызықтырар суретпен қапталған «Кассадага» атты дискті қолға алып салмақтап тұрып «Тәәәәк, мынаны алып, кешке көріп тастасам ба екен» деуіңіз бек мүмкін...

P.S. Фильмнің фишкасы қорқынышты әруақ емес, қол-аяқты кесіп, кейін қайта жалғайтын маньяк. Гыыы...

Дінмұхамед qisyq Зиядин

(с) Киностан

775 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 01 маусым 2012, 10:04
Тегтер: луиза флетчер, кевин алехандро, люсиус бастон, келен коулмэн, кристина бах, рас блэквелл, энтони диблейси, брюс вуд, триллер, хоррор, эми лоцицеро, прометей, қара киімділер
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев