Тупак пен Қуат

Тупак пен Қуат
жеке
блог

Таяуда «Меломан» дүкенінде «Тупак Шакур: Өмір жалғасады» кітабының сатылымы басталды. Кітап белгілі рэпер, актер Тупак Шакурға арналады. Авторы Қуат Камали. Автор жазушы емес, ол тек қатардағы қарапайым заңгер, Тупак Шакурдың шығармашылығын құрмет тұтатын азамат.

Жақында ғана Тупак Шакурдың рухына арналған «Аңыз Адам — 2PAC» фильмінің көрсетілімі басталып еді. Сонда көптеген жандар Тупактың аз ғана ғұмырының қалай өткенін көріп еді. Енді Қуат Камалидің кітабын оқи отырып, Тупактың өмірі жайлы толық ақпарат ала алады. Себебі, автор мектепте оқыған кезінен бастап, газет-журналдардан Тупак жайлы ақпарат жинап, оны қағазға түсіре бастайды. Кейін кітап етіп басып шығарады. Кітап 300 дана болып жарыққа шықты.