Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG
WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG

Автор: Жолдас Өрісбай

Статус: Фрилансер тілші

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Монотонды өмір

Монотонды өмір

 Монотонды өмір

Монотондық функция – не өлмейтін, не өспейтін, бір қалыпта болатын математикалық бірлік.

Түк қызық жоқ!

Таңның атысы, кештің батысы қу тіршілік. Ойлайтының тіршіліктің қамы одан қала берді кеңірдектің көңілін тауып, асқазанды қуантып қою керек. Ал ол үшін жақсы жағдай, жақсы тағам керек. Жақсы деген дүниенің бәрін жақсы ақшаға сатып алмасаң, жақсысын ешкім тегін бермейді. Сол үшін жұмысқа асығасың. Сырт келбетің бақытты адамның нобайын салғанымен, жандүниең құлазыған, шаршаған... Бірақ сыр бермейсің. Себебі жалған өмірдің аңдып отырған жері де сол. Әлсіз жерімді көрсе бас салайын деп тұр. Ал оған мүмкіндік бермеу керек.

Сенің ішкі күйіңе ешкім құлақ аспайды. Себебі сен кімсің? Ешкім емессің. Қоғамның жай ғана бір мүшесісің. Шыдамай кетсең, соқыр ішек секілді кесіп алып тастай салады. Ауа-райына күлімдеп қарау, табиғаттың сұлулығын сезіну бәрі де қалған. Тек бүгін суық па әлде жылы ма соған ғана қарайсыз. Басқа ерекшелік көріп тұрған жоқпын. Қиялға берілсеңіз, күледі. Өздері бір жетісіп жүргендей... Егер менің өмірімді нотамен суреттеу керек болса, Моцарттың симфонияларын айтар едім. Бірде тып-тыныш, бірде аласұрған аптығу. Кейде дирежер бәрінен керемет өмір сүретін секілді. Асқақ әуенді қолымен ойнатып, нотаның жан дүниесіне бойлап, өз ләззатын ала алады. Ал біз ше, қатып қалған жүйенің шеңберінен шыға алмай, дөңгелек ішінде жүгірген тышқан секілдіміз. Тоқтап қалсаңыз, сыртқа лақтырып жібереді. Бір сөзбен алғанда жұмыстан шығасыз, айлық болмайды. Ал адамдардың миында қалыптасқан стеоротип, айлық болмаса, дәл сол жұмыстан шығып қалса өмір сүру мүмкін емес секілді.

Балалықты үлкендердің неге сонша аңсайтынын енді сезіне бастадым. Уайым жоқ, қайғы жоқ. Қоғамда уайымсыз жүрсеңіз сіз ешкім емессіз. Иә күлкілі болуы мүмкін, бірақ адам басында проблема болмаған соң барып жынды болады. Себебі көп демалып қойса да дерт. Жұмыс істеп үйреніп қалған адам үшін бір орында жатып қалу, отырып қалу қауіпті. Ал жатыпішер болсаңыз, онда ең сүйкімсіз мақұлық болғаныңыз.

Қараңызшы, мектеп бітсе дедік, бітірдік. Жоғары оқу орынды да тезірек аяқтап жұмыс жасап, ақша тапсақ дедік, ол арман да орындалды. Жұмысқа кірдік, енді өссек дедік, ақша көп тапсақ дедік. Ол да болып жатыр, бірақ неге бір ләззат жоқ? Кез келген дүниенің шегі бар екен. Тіреліп қалған күні сізде депрессия басталады. Құлазу, мұңаю... Одан қайта арылып келе жатқан кезде тағы да бір күш келіп итермелейді.

Байып кетсем, байлықты не істеймін? Кедей болсам, байыған күні не істеймін? Байқайсыз ба, бәрі бір монотонды дүние. Атақ пен абыройдан да түк кәде жоқ. Бірақ сол монотонды өмірді алуан түске бояп, жалған дүниенің одан сайын жалғанмен жалғап, әлеуметтік желіде бәрі сондай тамаша секілді күй қалыптастырамыз. Біреуге бақыт тілейміз, өзіміз бақыт туралы білмейміз. Ақыл айтамыз,ақымақпыз. Не өмір?

Лап ете түскен махаббаттың да жыры таусылады. Сүйесіз, бір күні сол сүйген дүниеге күйіп, күл боласыз. Сыйластық басталады. Іздейсіз, кейін мән де бермейсіз. Бәрі шектеулі. Осыны оқып отырған оқырман, сіз мені жек көріп кетуіңіз де мүмкін. «Олай емес қой» деп ойлауыңыз да ғажап емес. Өкінішке орай ол солай. Солай болып қалады. Өмірді қызық қылу өз қолымызда дейміз. Ол қызықтың шегі болмайды деп кім айтты? Бір минут ішінде миллион доллар тауып алып, бір минут ішінде айрылып қаласыз. Сондағы айтқыңыз келіп тұрған қызықтың ұзақтығы бір минут пе?!

436 12
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 11 тамыз, 20:16
Тегтер: Марғұлан Ақан, Ақан Марғұлан, блог, монотонды өмір,
Пікірлер
+3
11 тамыз, 20:30

Мен қияли өмір сүремін. Қиялмен... Мен өмірден көп нәрсе күтемін. Ғашық болғым келеді. Біреулердің қоңырауын тағатсыздана күткім келеді. Таңертеңгісін рахаттана ұйқыдан тұрсам деймін. Жаңбырдың астында емін–еркін жалаң аяқ билегім келеді. Наушникті құлағыма тықпастан өз-өзіммен көшеде еркін сөйлескім келеді. Бірақ, мені монотонды өмір сүруге мәжбүрлейтін бір ғана ой бар: "Жұрт не ойлайды?"
Мені құртатын да сол ойлар. Мені тығырыққа тірейтіндер де сол ойлар. Көйлек пен шалбар таңдауға барғанда да мені таңдау жасауға мәжбүрлейтін сол ойлар. "Жұрт не ойлайды?"

+1
11 тамыз, 20:34

"Жұрт" деген сөзге қатты мән береміз. Бірақ мойындамаймыз)

+1
12 тамыз, 00:55

Сізбен ұқсастығым бар екен....

+0
14 тамыз, 23:53

Егер Сіз сияқты жасайтын болсақ (іштей өзіңіз айтқан əрекеттерді жасағың келеді:)) адамдар есінен ауысқанба немесе осы-ақ қиялдап жүреді екен деген сөздер көөп болады. Яғни қоғамда бір түрлі адам деген түсінік қалыптастырудан қорқамыз

+0
14 тамыз, 23:56

Менің ойымды жазыпсыз, оқып бір жеңілдеп қалдым Мен сияқтыда ойлайтын адамдар бар екен ау деп

+1
11 тамыз, 22:47

Тұнып тұрған жанайқайы ғой мынау)) Қанша қияли болсам да, мынадай ойға беріліп көрмеппін))

+2
12 тамыз, 02:22

Жаттанды дүниенің бəрі жалықтырып жібереді. Бірдей көзқарастар, бірдей киімдер, бірдей суреттер... Иə, бүгінде шеңберден шығу да өнер, батырлық боп тұр ғой. Өкінішті- əəəəқ.

+1
12 тамыз, 02:46

Сіздің ойыңызбен келісем.Мектепті тезірек бітіруге,үлкен қалаға оқуға баруға,содан жұмыс жасауға асығамыз.Сосын алаңсыз балалық шақты сағынамыз,өмір қызық...

+1
12 тамыз, 13:00

Дәл менің қазіргі өмірімді сипаттағандай болдыңыз,хәліміз бірдей-ақ екен-ау,Марғұлан аға?!

+2
12 тамыз, 20:44

Блогтың аты ерекше болған соң кіріп едім, өкінбедім.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...