Танысқым келеді менің сізбен

Танысқым келеді менің сізбен
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

 Айжан Нұрланқызы Кульмуханбетова, Алматы облысы Райымбек ауданы (бұрынғы Нарынқол ауданы) Шалкөде ауылында туылғанмын.  1986 жыл 12 қазанда дүниеге келгем. Мектепті ауылымда бітіргем, қазір сол 9 жылдан бері Алматы қаласында тұрып келем.  

Мінезім, негізі өзімде түсінбей қалатын кездерім көп. Кейде шектен тыс салмақты, кейде шектен тыс мазасыз боп кетем. Тез ашуланам, тез қайтам. Ата-анамның қасында мен адам танымастай өзгерем, демек қатты ерке боп кетем :). 



2. Хоббиің не?

 "Хобби" деп бір нәрсемен қатты айналыспаймын, қызықпаймын. Жалпы кино көргенді ұнатам, жаңадан шығып жатқан, елдер жақсы деген ескі фильмдердің бәрін қарап шығуға тырысам, кітаптардан солай. Блог жазу, бірақ қазір бұрынғыдай максимализм жоқ. Бір жиындар, көрмелер ұйымдастырғанды жақсы көрем, ондай кезде жанымды салып соған беріліп кетем. 



 3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Маған тауы мен жап- жасыл жері болса болды, барлық жерге барғым келеді. Табиғатты жақсы көрем, көкке көп шығам. Австралияға, АҚШ пен Японияға барғым келеді, құрбы қыздарым солар жайлы айтып, өздері көрген нәрселерін айтқанда қызығып кетем. 



4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Осындай сұраққа ойланып көрмеппін, кейде ер жігіт болып келсем ғой деп ойлайтын кездер болады. Себебі, әлемді құратын ер адамдар. Әйелдер олардың тілеушілері.


5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

"Бәрі жақсы болады" кейде осы ұстанымымды жек көрем, осылай ойлаймын деп көп нәрсеге өкінетін кездерім болады. "Ең жаман деген адамның бір жақсылығы бар" адамдарды жамандыққа көп қия алмай қалам. "Бұйырған кетпес, қуған жетпес" тежеп қалатын моменттерде әдірем қалсын деп ойлаймын, қолым жеткенде өзімше осыған сенем. "Алла, еңбектенге береді" өзімді қайрау кезінде қолданам. 


6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Есімде :). Қыздар ондайды ұмытпайды :). 


7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)? Бір қырсықты. 


8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

  Кумирім деп бала күнінде ойлағам адамдарым болған, өсе келе олардың да кемшіліктерін көре біле қазір ешкімге табынбаймын. Әр адамның өз кемшілігі, артықшылығы бар. Жаныма жаққан әндердің бәрін тыңдай берем, кинолардан да солай, авторлардың басқада кітаптарын оқып көруге тырысам, басқа кітап қалай ойлады екен деген оймен оқимын. Саясатқа араласқым келмейді, жолбарыстар саясатқа араласса өте қауіпті, себебі гороскопта революционерлер жасайтын материалдан жасалған деп айтылған, өзімде басында байқап көргем. Әкем уақытында тоқтатты. 


9. Сүйікті спорт түрі?

Қазақстан құрамалары қатысқан спорт түрінің бәріне тілекшімін, өзім волейбол, бадминтон ойнағанды ұнатам. Жалпы, қандай ойынға шақырса бәрін ойнай беруге тырысам. 


10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

Бұл сұраққа жауап беру аздап қиындау, себебі мен ұнататын кинолар өтеее көп. Фэнтези, мелодрама, комедияны жақсы көрем. Тарихи киноларға деген махаббатым ерекше енді. 


11. Үйде кім басшы болуЫ керек деп ойлайсың?

Келісім орнытылған жанұя құрғым келеді, бәрібір ер адам басшы болғаны дұрыс. Артық кеткен жерімізде тоқтата алатындай болуымыз керек. 


12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

"Әйелдің тапқаны пұл болмайды" дейді. Ер адам мал табушы, әйел адам ұқсатып жұмсаушы. 


13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Әрине, сүйіктімнің айтқаны болады деп ойлаймын, себебі ол ер адам ғой. 


14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз? Өмір сүру, ұрпақ қалдыру, адамзатты дамыту. 

 

Енді Айқаракөздің сұрағы:  Кешірімді, салмақты болу қиын ба? Адамдарға қандай жағдай болмаса да кешіріммен қараймын, себебі онсыз да өмір қатал. Кейде ренжіп алып, өзімнен кінә іздеймін. Мүмкін, менікі дұрыс емес шығар, дұрыс шешім қабылдай алмадым деп өзімді жазғырам. Ал, салмақтылыққа келсем мен қатты салмақты емеспін. Салмақтылық, ол туылған да берілетін қасиет. Мен күйгелекпін. Таразы болғандықтан да ішімнен көп таразылаған сәттерімде салмақты болып көрінем. 

Эстафетаны Айгүл апайға берем. Өмірде ең үлкен тілегіңіз қандай?