Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Кинопрокаттағы қазақ тілді фильмдер неге прайм-таймда жоқ?

Кинопрокаттағы қазақ тілді фильмдер неге прайм-таймда жоқ?

Кинопрокаттағы қазақ тілді фильмдер неге прайм-таймда жоқ?

Осы мәселені қазақ интернетіндегі алғы шептегі блоггерлердің бірі Barkorn көтерген екен. Жақында ғана "Қара киімділер 3" фильмінің қазақша аударылғанын айтып, мәз болып едік, фильмінің 29-мамырда Алматы кинотеатрларында көрсетілім уақытын тамашалап көріңіздер:

1) Chaplin ADK 3D "Қара киімділер 3"-тің 14 сеансы, оның ішінде 1 сеанс қазақ тілінде (10.20)

2) Chaplin Mango 3D 12 сеанс, оның ішінде 1 қазақша (11.10)

3) Cinema Towers 3D 15 сеанс, 3 қазақша (10.30, 13.10, 19.20)

4) Kinopark 6 (Спутник) 3D 21 сеанс ҚР-3 ешбір қазақша сеанс жоқ!

5) Promenade cinema 6 сеанс қояды, бірақ бірде біреуі қазақша емес!

6) Silk Way City 3D 11 сеанс "Қара киімділер-3", 1 қазақша (10.50)

7) Star Cinema (Aport) 3D 17 сеанс қояды, оның ішінде 4 қазақша (10.20, 13.30, 14.40, 18.00)

8) Star Cinema (City+) 3D 14 сеанс қояды, 4 қазақша (10.10, 12.50, 17.10, 18.50)

9) Star Cinema (Mега) 3D 23 сеанс, 2 қазақша (11.00, 15.40)

10) Star Cinema (Прайм Плаза) 3D 24 сеанс қояды, 4 қазақша (10.40, 14.40, 17.40, 21.30)

11) Алатау 3D 6 сеанс қояды, оның ішінде 2 сеанс қазақша (11.00, 15.20)

12) Арман 3D 7 сеанс қояды, оның ішінде тек 2-уі қазақша (10.30, 18.30)

13) Иллюзион (Maxima) 3D: 6 сеанс қояды, тек 2 қазақша (14.30, 18.40)

14) Искра: 0 сеанс.

15) Номад: 6 сеанс, бірде бір қазақша сеанс жоқ!

16) Родина: 6 сеанс, ешбір қазақша сеанс жоқ!

17) Цезарь 3D: 8 сеанс, 1 ғана қазақша (12.20)

18) Целинный: 6 сеанс, бірде бір қазақша сеанс жоқ!

19) Kinopark 4 (Глобус) 3D: 13 сеанс, тек 2 қазақша (12.00, 00.10) (с)

Қорытынды: қазақ тілді тұрғындары көп Алматыда "Қара киімділер-3" фильмінің 215 сеансының ішінде 29-ы ғана қазақша. Тіпті жетіден бір бөлігіне де жетпейді!

Осы мәселе неге бізді толғандырмайды? Қазақ тілді қоғамды бұл мәселе неге мазаламайды? Алында әу баста қазақ тілінде түсірілген "Жаужүрек мың бала" да қазақ тілінде прайм-таймда жоқ болып, аудармамен орыс тілінде көруге мәжбүр болдық. Басқалары арнайы уақыт іздеп, қазақ тілін көруге уақыттарын сарп етті. "Жаужүрек мың бала" жайлы бірде бір журналист қазақша прайм-таймда жоқ деген мәселені көтермеді, тек қазақша сеанстарға сұраныс көп дегендері ғана болмаса. Қазақ тілге аударды деп мәз болғанымыз не керек? Өзімізге ыңғайлы уақытта, жақын жердегі кинотеатрлардан көре алмасақ?

Алдыңғы жылы да "Көліктер-2" мультфильмімен де осындай жағдай болған еді. Оны енді балалар көрген соң түсте қойса жарайды делік. Ал осы жолы недеген кемсіту? Содан барып, қазақша прокат ақталмайды деп жар салады!

Ашық түрде намысты таптап жатса да үндемей отырғанымыз бар болсын!

25
Рейтинг: +5

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 30 мамыр 2012, 12:48
Тегтер: қазақ тілі, Қара киімділер 3, прайм-тайм

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.