Мен де мектеп бітірдім...

Мен де мектеп бітірдім...

Иә, кеше соңғы рет қоңырау үнін естіп, қуандық, қобалжыдық, қимадық...(жеке өзім қуандым, кішкене ғана қобалжығаным болмаса...)))))

Шынымды айтсам менде мектепті қимау деген сезім болған жоқ кеше. Себебі мектептің табалдырығын тоздырееееп қара кешке дейін жүрем. "Сұмдық белсендімін(с).  

Бірақ өтеее қызықты өтті. Соңғы қоңырауға арналған шараны айтам. Бірінші сыныпта да қоңырау соғып ем, ол кезде түк түсінбейсің де ғой, әйтеуір соғасың деді соғасың. Ал кеше өзіңнің соңғы қоңырауыңды өзің соққан қызық болады екен. 1-ші сыныптың баласын қолынан жетектеп алып, соғып шықтық. 11-сынып оқушылары 1-сыныпқа естелік ретінде сыйлық береді де, ал кішкентайлар гүл береді бізге. Сол сүйкімділердің бірі былдырлап: "Құттықтаймын! Мектеп бітіруіңізбен!"-деді, ең толқыған сәтім сол болды. 

 

Былтыр қызығып қарап тұр едім түлектерге...Осы жыл зуылдап өте шыққан секілді((.

Көңілді қуаныштан бұрын қорқыныш басқан секілді. ҰБТ-ға деген қорқыныштан болса керек((. Алла жар болып оны да тапсырармыз. Ақ тілектеріңізі қабыл болып, әлі сүйінші сұрармын))))))



Бөлісу: