Дрон адам өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосады

Дрон адам өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосады
жеке
блог

Дәрігерлер пилотсыз шағын ұшақтардың көмегімен науқастарды ажалдан сақтап қалуы мүмкін. 24 кз-тің мәліметінше, АҚШ-тың Нью-Джерси штатында шалғай жатқан ауыл-аймақтарға дәрі-дәрмекті жеткізу жүйесінің сынақтары өтіп жатыр. Осы аптада Америкалық медициналық ассоциацияның журналында дрондар сынақтары нәтижесі бойынша баяндама жарияланды. Пилотсыз ұшақтар науқастарға жедел дәрігерлік көмек көліктерінен 17 минутқа ерте жетіп жүрген. Дегенмен дрондарды осы мақсатта пайдалану үшін талай мәселені шешу қажет. Мәселен, көшеде адамның жүрегі ұстап қалғанын қалай білуге болады? Егер дрон тез арада жетсе де, айналасында  дефибрилляторды қолдана алатын адам табылар ма? Не де болса, мамандар осы технологияны жетілдіру қажет дейді. Болашақта бұл талай адамның өмірін сақтап қалады.