Ақ кимешек көрінсе...

         «Әже сен бірге  жүрсің меніменен,

         Өліге мен өзіңді телімегем...» -деп  Мұхтар ақын   әжесін  ерекше жақсы көріп, өміріндегі  әжесінің алатын орны ерекше екенін танытады. Әже дегенде ақ жаулығы басында, бір әулеттің отанасы болып отырған, қалтасында кәмпит жүретін, үстінен  өзіне ғана тән жұпар иіс аңқитын, ерекше еркелететін ақ әжеміз  көз  алдымызға келеді.

        Қазақта қашанда бала туылған соң ол баланы әжесінің етегіне салып беретін болған. Көпті көрген, сабырлы,сыйлы әже немерелеріне жақсы тәлім-тәрбие берген.Ұлыларымыздың  да бірталайы әжесінен  үлгі алып өскені бізге белгілі. Бала Абайдың  дұрыс қалыптасыуна әжесі  Зеренің үлкен септігі тиген. Қашанда немерелеріне қамқор әженің мейрімі «Абай жолында» танылып қалып жатады. Шоқанның әжесі Айғанымның  да Шоқан өміріндегі  рөлі ерекше болған. «Абай жолынан» әжесі Күңкенің Әмір мен Шұбардың тілеулесі ,жанашыры (Шәкәрім)  болғанын да көре аламыз. Тахауи Ахтановтың  «Шырағың  сөнбесін» романындағы басты кейіпкері Нәзираға да бала күнінде анасынан айырылғанда әжесі  Қамқа ерекше қамқорлық көрсеткен.

          «Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,            

         Ақ кимешек астынан сені көрем.

         Немересін ертпесе  жүре алмайды

         Таныс дауыс,таныс сөз, таныс мәсі

         Көзіме оттай басылып алаулайды» -деп ақын  әжелердің барлығының  жарқын образын жасап шығарады, әжелердің ерекшілігін көрсетеді. Қазіргі күні әлемге аты белгілі болып жатқан Димаш Құдайберген де әжесінің баласы  болған екен,  ал  алты  жасына дейін  көп күттіріп дүниеге келген болашақ ел басшысы Нұрсұлтан  да әжесінің  құшағында өскен.

          Әжесінің тәлімін көрген, әженің құшағында еркелеп  өскен  балалардың арманы жоқ.  Құрметке,қызметке, махаббатқа лайық әжелер  аман болсын!

         Ақ кимешек көрінсе,сені көрем,

         Ақ кимешек  жоғалса...

         Нені көрем??? 



Бөлісу: