Жаңа ғасыр түлектері

Жаңа ғасыр түлектері
жеке
блог

Жаңа ғасыр басында дүние есігін ашқан бүлдіршіндер, міне таудай болып алтын ұя мектебінен түлеп ұшып , үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Биылғы түлектердің мектеп бітіруі  - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Болашақ энергиясы ЭКСПО - 2017 көрмесі және мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуы секілді айтулы мерекелермен тұспа-тұс келіп отыр.

   Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елбасымыздың " Болашақ жастардың қолында " созі жастарды жігерлендіріп, жаңа заманның нағыз патриоты болуға,өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Жаңа ғасыр жастарының тәуелсіз елімізге қосатын үлесі,жаңа идеялары жетерлік. Біз,бұл жолда қоғамға пайдалы қызмет етуге тырысамыз. Елбасымен бірге еліміздің алар асуы, шығар биігі, жетер табысы әлі де алда екеніне шүбәсіз сенімдімін. Жаңа ғасыр түлектерінің жаңадан басқан қадамдарына сәттілік тілеймін!