Пост - Поход

Пост - Поход
жеке
блог

Көңілімізді көтеру үшін көкке шықтық.


Көк шыққанға бір қуанып,

Шөп шыққанға бір қуанып...

Бүгін біз (төрт бойдақтың шығарғаны, олар: Болатбек, Мәриям, Назерке, Сәкен.) бірсарындылықтан жалығып, ерігіп, күнделікті қайталанатын ырғақты өзгерткіміз келді. Ондай "идея" кеше түскі астан қайтқан кезде ойымызға келіп, "енді ертең солай істейміз"-деп шештік. Тарқатып айтсам, "түскі асты табиғат аясында отырып ішейік" деген ой. (Күнде жаздық "VIP" Қағанаттан тамақтанамыз.) Сонымен ол ойды бүгін іске асырдық. Көп созып не қылайын, суреттер сөйлесін:

 

Қағанаттан палау, салат, самса, бауырсақ, макси чай алдық та,

шөпке газетті жайып жіберіп, жайбарақат тамақтанып алдық.:)


Мәселе қандай тамақ алып, қалай тамақтанғанымызда емес, жай ғана осылай отырып, табиғаттың тамашалығын сезіну. Өзіңді еркіндікте ұстау. Мысалы, асханадағы тәрелкелер мен қасықтардың қақтығысының орнына, судың аққан сылдырын тыңдап отырудың өзі ғанибет емес пе? Сондай-ақ еркін әңгіме-дүкен құруға ешкім кедергі келтірмейді! РАХАТ!!!:)

Күлкіден, екі езуіміз - екі құлағымызға дейін жетейін деп отыр.

"Қой тұрайық, жұмысқа бетімізді бұрайық"-деп жатырмыз біз.:)

Ал енді, ағашпен құшақтасып суретке түсіп қалайық қыздар!:))

Ботик болса, молдасоқынып отырып түсті!

Маржан апай артынан аңдып қоймады:))

Біздің әңгімеміз әлі де таусылмай жатыр:)

Бәріміз бір серпіліп, сейілдеп қайттық!:))

Осындай бір, естен кетпес, көңілден өшпес "түскі ас болды!:)"

Байқасаңыздар, бәріміз суретте фиолетовый болып отырмыз.

"Өмірдің өзі - фиолетовый" дегім келіп, осы түспен жаздым!:)