Гипертимезия- бәрін есте сақтау.

Гипертимезия — адамның өз қалауынан тыс өмірінің ұсақ-түйектеріне дейін есіне сақтау қабілеті, психикалық синдром.

Мұндай синдромы бар адамдар өз өмірінің әр күнін егжей-тегжейіне дейін біледі екен. «Гипертимезия» термині гректің екі сөзінің бірігуі арқылы жасалған: «гипер» — тыс, және «тимезия» — жад.

Бүгінге дейін гипертемизия 25 адамда кездескен. Бірде Калифорния университетінің зерттеушілерне мынадай хат келген: «1980 жылдың 5 ақпанынан бастап барлығы есімде. Айтпақшы, ол сәрсенбі күні болатын». Бұл хаттың иесі 45 жасар американдық әйел Джилл Прайс.

Ол 12 жасынан бастап      өмірінің әр мезетін біледі,  ұсақ-түйекке дейін. Белгілі  бір күнді атасаңыз, сол күні   не болғанын, тіпті дәл сол     кезде теледидарда не  болып жатқанын жіпке  тізгендей айтып бере    алады.  Көптеген адамдар оның осы қабілетіне қызығатын көрінеді, бірақ өзінің айтуынша бұл біз ойлағандай керемет емес. «Адам барлығын бірдей есіне сақтағанда өмір сүру қиындай бастайды»,-дейді ол.



P.S. Гипертимезияға шалдыққандар өз өмірбаянын толық білсе де, есте сақтауға байланысты стандартты сынақ-тесттерден оңай сүрінетін көрінеді.



Бөлісу: