Тарихи кино түсірем деушілерге

Тарихи кино түсірем деушілерге
жеке
блог

Қазақтың әргі-бергі тарихынан өз орнын ойып алатын сәттердің бірі Жоңғар-қалмақтармен соғысқан кезеңдер. Отандық киноөндірушілер жұрттан қалыспас үшін тәуелсіздік алғалы бері бұл тақырыпта да камера тербеп көрген. Олар өздеріңіз білетін «Көшпенділер» мен «Жаужүрек мыңбала». «Көш жүре түзеледі» деген осындайда айтылса керекті. Соңғысы алғашқыға қарағанда сәтті әрі табыстырақ болып шықты.Рухтанамын деген адам «Көшпенділерден» де өзіне қажеттіні ала алар бәлкім?! Бірақ, барлығының шынайырақ болғанына не жетсін? Дегенмен тарихи киноларды түсіргенде тарихтан көп ауытқымаған да жақсы. Тартымды етіп түсіре алсаң бұл кинолардың жұртқа берер әсері мол. Білгіштердің айтуынша біздің телеарналарды жаулап алған кәрістің тарихи сериалдарының 50 пайызы өтіріктен құралған дейді.Бірақ біз көріп отырып сенеміз, себебі шынайы.Кәрістердің сол заманда атқа мінген, мінбегені де көріп отырған көрермен үшін маңызды емес.

Енді, негізгі айтпағыма келсем. Тарихи оқиғаларға сүйенген фильмдер түсіріле беруі керек. Тарихтағы кішкене оқиғалардың өзінен үлкен фильм жасап шығаруға болатын секілді. Кейде кішкене оқиғалардың өзінің ауқымының үлкейіп кететіні тағы бар.
Мысалы, менің қолымда қаржы және қолымнан кино түсіре білу келетін жан болсам
«Біз қазақ деген жай жатқан елміз» деп басталатын бала Қазыбектің Қалдан Цереннің алдына баратын оқиғасының өзіне бір киномды арнар едім. Беталды қызыл сөз емес, шынымен руһ беретін жолдар емес пе? Әр жолы қазақтың сол кездегі кейіпін суретеп бере алады. Абылайды «Көшпенділер» филіміндегідей қатынның атының артына мінгестіріп қашырмас едім. Мұқым қазақта Абылайды алып шығатын бір ұл тумаған деймісіз?! Бұл қазақ қыздарын кемсітуім емес әрине. Тарихқа жүгінсек Абылай қалмақтардың қолында екі мәрте тұтқында болған деседі. Қазақтың ханын өлтіре салу әлгілердің миына келмеді деймісіз. Тек, ханының артынан келетін қараша халқынан қорыққан. Абылайды тұтқыннан алып шығуға барған топтың ішінде Нияз батыр да болған екен.Қалмақ басшысы «Хандарыңды алғыларың келсе менің мына батырымды жекпе-жекте жеңетін біреу бар ма араларыңда?» дегенде суырылып шыққан Нияздың сол ерлігі бір киноға жүк емес пе? Сол жекпе-жекте Нияз батырдың жеңгеніне қарамай Қалдан Сереннің «Енді сол жеңген жігітіңді жүз жігіттің ішінен танып алып шықсаң, ханыңды беремін» деп бұлталақтаған сәті тамаша көріністер емес пе? Жүз жігіттің ішінен кешегі жеңген батырын тауып берген кезде оның себебін«Мен бұлардың әрқайсысының көзіне тура қарадым, менен жеңілген батырың көзін тайдыра берді»деп түсіндірген екен. Міне, осының бәрін көрерменге әдемі жеткізсе шіркін.
Тағы бір айта кететін қызықты сәт, Қалдан Сереннің Абылайды босатпай қоюының мына бір себебінде.Олар Абылайды сіріге орап қойған екен(Жаңа сойылған малдың терісі). Оны жібітуге бір апта уақыт сұраған екен. Нияз батыр бұл ерліктерін жасаған шақта пайғамбар жасына келіп қалған кезі екен және Абылайдың үш жүзді басқармай тұрған шағы. Кино түсірушілер осы жағына да мән берсе екен)))