Мерекелік тарту

Балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы Түрксіб ауданында жаңа спорт алаңы орнатылды. Жергілікті тұрғындардың ықыласымен салынған жаңа алаңда 80 ағаш пен гүл егілді, жарық орнатылып, су жүргізілді.

Жергілікті тұрғын Лидия Моренко екі баласы бар жалғыз басты ана. Ол ерікті топтың көмегімен үй жанындағы алаңды қоқыстан тазартып, балалар алаңын салуға бар күшін салды. Лидияның мақсатына жеткенін мына жазбамда айтқан болатынмын. Әсел Зояның авторлық күнделігінің сатылымынан түскен 525 000 мың қайырымдылық қаржының көмегімен және «Sport Concept» қоғамдық қорының ықпалымен жаңа спорттық алаң салынды.

 

 



Бөлісу: