Футболсүйер қауым, қатарларыңыз көбейді!)

Футболсүйер қауым, қатарларыңыз көбейді!)
жеке
блог

   Бүкіл жатақхана шулап жүр: "Бүгін финал! Челси чемпион!"... Енді бірі "Жоқ, Бавария чемпион болады"-деп бәстесіп жатыр өзінше. Ауылда әкеммен жағаласып отырып көретінім болмаса, футболға аса құмарта бермейтінмін. Сондықтан бүгін түнде "басқалар көрсе, көрсін. Жұмысым жоқ, мен ұйқымның "планын" орындаймын"-деп шешіп қойғам. Жоқ, олай болмады. Жатақхананың футболсүйер қауымы ұйқы тұрмақ, маза бермеді. "Футбол басталды" дегеннен бастап агенттегі жанкүйерлер де микроблогтың "қанын ішті". Ұйқыдан қайран болмаған соң, фойеге түстім. Жатақхананың теледидары осында болатын. Бәрі жайғасып алыпты. Көрпе-төсектерін шығарып, жұмсақ жастықты жастанып алып кірісіп кетіпті футболға. Сонымен не керек, мен де жайғастым. Соңында шешуші кезеңі келгенде ғана футболдың атмосферасына еніп, жұртпен бірге отырдым жүрегімді ауыртып. Қасымда жерлесім отырған, "Сен давай, Челсиге жақтас. Бәрібір танымайсың ғой ешбірін"-деді. "Жарайды" дедім...) Челси жеңді!) Қысқасы, маған футбол ұнады!

Жұрттар ойын жайлы не айтса, соны айтсын...

21.05.12