СЕРГЕЛДЕҢ ӨМІРДЕГІ ЖАРҚЫН БЕЙНЕ...
жеке
блог

СЕРГЕЛДЕҢ ӨМІРДЕГІ ЖАРҚЫН БЕЙНЕ...

Әбікей Сәтбаев (1881-1937) 1881 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезіне қарасты Ақкелін ауылында жылқышылар отбасында дүниеге келген. Әкесі Зейін 1903 жылы жұттан кейін жағдайы төмендеп кетеді. Әбікей 9 жасқа толғанда анасы қайтыс болады. 13 жасқа толғанда қалаға оқуға кетеді. Сәтбай әулетінен Имантайдан кейін оқу орнына түскен Әбікей Зейінұлы ,ол 10 жасында  Омбы қаласының дайындық мектебін тәмамдәп, одан кейін Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясын бітірген соң Павлодар уезінің болыстық мектептерінде ұстаздық еткен. 1911 жылы Павлодар қаласындағы 2 сыныпты орыс-қазақ училищесіне орыс тілі пәнінен сабақ беруге , 3 жылдан соң өзі бітірген Семейдегі семинарияда оқытушылық жұмысқа шақырылды. Оқытушы қызмет жасап жүрегн кезінде ағайынды Белослюдовтармен етене жақын араласқан. Қаныш Сәтбаев ағасы туралы естелігінде: «... оқу жолында жастай түсіп, тиянақты білім алғаным үшін немере туысым Әбікей Сәтбаев ағама қарыздармын».

Әбікей Зейінұлы Сәтбаев бар күшін, білімін, тәжірибесін жаңа ұрпақты мектеп қалыптастыру ісіне салды. Оның жетекшілігімен ауылдарда сауатсыздықты жою акциясы жүргізілді. «Мұғалім қандай болу керек», «Ағарту жұмысында не шара қолдануымыз керек» және т.б. мақалаларында білім және ағарту мәселелерін, казак халқының дамуы жолдарын қарастырды, жастардың білім ерісін кеңейту кажеттілігі, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетін, әдеби тілді қолдану икемділігін калыптастыру мәселелерін көтерді. 1927 жылдың жазында, маусым айында қамауға алынады. Оқу орының басшысы ерекше әділдігімен, мейрімділігімен, ұстаздық парасаттылығымен, аса ұлтжандылығымен шәкірттер жүрегінен әз орын алған аяулы адамның түрмеге жазықсыз қамалуы педтехникум оқушыларының наразылығы тудырған. Ұстаздарын жаладан аман алып қалу парызымыз деп түсінген белсенді шәкірттер оқушылар атынан губерниялық атқару коммитетіне, сотқа арызданады. Әйтсе де оқушылар арызынан нәтиже шықпайды. Әбікей Сәтбаевтың орнына директор болып Абзал Жиенғалиев тағайындалады. 1937 жылы Ә.Сәтбаев «халық жауы» деген жалған жаламен атылып кетеді. Атылып кеткенен кейін артынан 6 баласы қалады. Үлкен қызы Райхан бұл уақытта Медициналық институтты бітірген. Екінші қызы Раушан Ташкент қаласында Орта Азиялық медициналық институтында білім алып жатты. Қалған үш баласы мектепе оқыды. Қаныш Сәтбаев Әбікей Сәтбаевтың отбасын өз қамқорлығына алады. Алаш қайраткері, ағартушы педагог, филолог Әбікей Зейінұлы Сәтбаев өзі білім алған, қызмет еткен Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен 2013 жылдан бастап педагогикалық колледжге атаулы ұлы тұлғаларға арналып дәрісханалар ашылды.Сондай дәрісханалардың бірі Әбікей Зейінұлы Сәтбаев атындағы 200 дәрісхана.

 

                                                                                Мақала авторлары: 

                                                                              Дәутбекова Лейла

                                                                             Базарова Назым