Ұстаздық- абыройлы қызмет!
жеке
блог

Ұстаздық- абыройлы қызмет!

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің  уақытын аялау»
                                                                      француз ойшылы Жан Жак Руссо.
 
  Осы шағын  мақаланы жазбас бұрын көп ойландым. Себебі  ұстаз үшін басты мақсат оның еткен- еңбегің мақтап қолпаштау емес, керісінше тигізер пайдасын дәріптеу екен. Қазіргі кезде аты шығып жүрген көптеген ұлы ұстаздар қауымы көп. Олардың жасаған бейнеттері, түлеп ұшқан шәкірттер жетістігімен сараланып отыр.
   Ұстаздық қызмет- абыройлы, себебі сан алуан. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын бірегей жан, ол есімі алтын әріппен жазылуға тиісті- Ұстаздар! 
  Өзіме келетін болсақ, мен таныған, мен білген ұстаздарым қайталанбас тұлға іспетті. Себебі осы дәрежеге жеткізген де, күш- жігерімді арттырып отырған ол менің - ұстаздарым. Ендігі кезекте олардың еңбегің ақтау ол маған қойылған міндет, рухани тұрғыдан қарағанда парыз болып саналады. Ұстаздың еңбегі өшпес мұра, ұстаздан шәкіртке дарыған өнер, шәкіртке барып қонар! Ең бастысы Ұстаз сөзіне иіе болған  жандар өз кезегіңде аянбай еңбек етсе, оның тұтас Қазақ еліне тигізер пайдасы орасан зор. Себебі елдің ертеңгі өрісінің биік болуы, дүниетанымының кеңдігі  дәл осы аяулы ұстаздарға тікелей байланысты. Ұстаз алдынан дұрыс бағыт алып шыққан әрбір шәкірт, қоғамдық өмірге бейімделе отырып сатылай қадам басатыңына кәміл сенемін! 
 Қазіргі кезде 11 сынып оқушысымын яғни осы жылдың түлеп ұшар түлегімін. Іштей ойлап қарасам мен ұстаздар алдында борыштымын, әріп таныған сәттен бастап алға қарай біліммен сусындатқан ол менің ұстаздарым. Менің оларға айтар алғысым шексіз.. Ал сіздің алғашқы ұстазыңыз қандай еді?