Қырғызстанда өткен "ТЕDx Bishkek" шарасы жайында аз-кем...

Қырғызстанда  өткен  "ТЕDx Bishkek"  шарасы жайында аз-кем...
жеке
блог

 

        Жақында Қырғызстанда   "ТЕDx Bishkek" іс-шарасы өтті. Шыны  керек, басында  Эльдар  айтқанда,  сайт арқылы шара жайында   біліп жүрдім де, ойландым барсам ба екен, бармасам ба деп... Сөйтіп жүргенде, Шебер (Эльдар Құдайбергенов) "Барайық сен блогшыларды жина" деді. Содан, біразына айтып едім олар нақты жауабын айтпады. Көбісі, дәл сол уақытта қолдары тимейтіндігін айтты. Сонымен, ақыры сәуірдің 12 жұлдызында Ақерке, Шапағат, Эльдар және мен төртеуіміз жолға шықтық. 

            Шекарадан өте сала  ағайындас халықтың желбіреген қызыл жалауы көзімізге   бірден шалынды:))  

                        Суретте  Эльдар, Шапағат және мен 

            Тіркелу сағат 10-ға дейін деген болатын. БІз дәл барыппыз, атымызды тізімнен тауып, өзімізге тиесілі блакнот, магнитка, сөмке сияқты заттарды алып, орнымызға отырдық. Сонымен, жиын  сағат 10-нан  16:00-ге дейін созылды. Өте қызықты болды!!!

 

             Маған  қатты ұнағаны:  

1) Өтілетін орын  өте  жақсы таңдалған,  заманға сай жабдықталғаны көрініп тұр. Қатысыушылар  көп болса да, іші ысып-кеткен жоқ...

2) Спикерлер. Олардың ең  бірінші  аудиторияны  баурап  алулары, проблемалық дүниелерді ашық ортаға салулары, ең бастысы, харизмалық  қасиеттерінің  тым жоғары екендіктерін танытты.

3) Ұйымдастырушылардың  #TEDxBishkek"  хеш-тегін қолданып ең көп твит жазған блогшыларға  сыйлық үлестірулері

 4) Осы шараға арнайы дайындалған салтанатты торт:)))

 

 

Өзі  сондааааааааааааай  дәмді:)) 

  

           Жалпы, тед жақсы деңгейде өтті, ұйымдастырушысы  Мирбекке және осы шарағақатысуыма себепкер болған Шеберге зор алғысымды білдіремін:)))

        Енді, ары қарай қаланы аралау сәттеріміз:))

 

 

 

 Шыңғыс  Айтматовтың  ескерткішінің қасында:)

 

Қырғызстандағы  ЦУМ:))) 

 

Айтпақшы, Қырғызстандағы  фонтарға ғашық болып қайттым:))) Фантандары енді керемееееееееееет:))) Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес?!

  

 Қаланың  көрікті жерлерін аралаған соң, боулингке бардық:)))

 

       Сонымен, ертесі "Қайдасың, Қазақстаным!"  деп  қайта жол тарттық:)))