Қазақтың ерен азаматы.
жеке
блог

Қазақтың ерен азаматы.

Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын-жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті.Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды.Өмірге жұлдыз болып келетін,халықтың еркесі,халық жүгін көтеретін дара адамдар ,дарынды жандар аз-ақ.Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20-сыншы ғасырда кенже қалған емес.Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады.Қандай марғасқа ,жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде.Айтқым келгені әр адамның өз келбеті,өз жан-дүниесі болады.Егер ақынға сезім мен сұлулықты,қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады.Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын.Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген.Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп талай дүниелер дүниеге келді.Соғыстың да ащы дәмін татып,бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес.Жаңалыққа толы қым-қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына,өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды.

Сәкен 1905-1909 жж. Нілді кенішіндегі  бастауыш мектепте, 1909-1911 жж. Ақмоладағы  екі сыныпты приход мектебінде, 1913 ж. Омбыда құрылған қазақ жастарының «Бірлік» мәдени – ағарту ұйымының сол қанатын басқарады. 1917ж. мамыр айында Ақмолада Қазақ комитетін құруға қатысады. Әуелде орынбасары, кейін төрағасы  болады. Осы комитетпен қатар «Жас қазақ» ұйымын құрып, оның «Тіршілік» газетінің жұмысын басқарады. 1917 ж. күзде Ақмолада ұйымдасқан Совдептің президиум мүшесі, Ақмола уезіндегі ағарту ісінің комиссары болып сайланады. 1918 ж.Колчак әскері Ақмоланы алып, қаңтар айында ішінде Сәкен бар Совдеп мүшелерін Қызылжарға (Петропавл) жаяу айдады. Одан атаман Анненковтың азап вагондарына мінгізіп, Омбыға, Новосибирьге, Барнаулға, Семейге апарып, сол жолмен қайта Омбыға алып келді. Сәкен Омбыдағы тұтқын лагерінен 1919 ж. наурыз айында қашып шығып, Алтай губерниясы арқылы Павлодарға, одан Баянауылға барып паналайды. Сол Жылы Күзге таман Есен бойындағы елге келіп, біраз аялдап, Бетпақ дала арқылы Кеңес үкіметі билеп тұрған Әулиеатаға (Тараз) жетеді. 1920 ж. мамыр айында Ақмолаға оралып, уездік атқару комитетінің төрағасының орынбасары және іс басқару бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. 1920 ж. жазда бүкіл қазақ өлкесін басқаратын Ревкомның құрамына сайланады. Осы жылы 12 қазанда ҚазКСР Орталық атқару комитетінің президиум мүшесі болып сайланды. 1922 ж. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, оқу халық комиссарының орынбасары болып тағайындалады. 1922 -1924 жж. ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 1925 -1928 жж. Қызылорда халық ағарту институтында, 1928 – 1929 жж. Тәшкен педагогикалық институтында, 1930-1937 жж. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтында қазақ әдебиеті тарихынан сабақ береді. 1927 – 28 жж. «Жыл құсы» альманахы мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға белсене қатысады. Ұзақ уақыт «Әдебиет майданы» журналының редакторы қызметін атқарды. 1934 ж. Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды. Әдеби шығармаларынан: 1914 ж. «Өткен күндер», 1922 ж. «Асау тұлпар» өлеңдер жинағын шығарды. 1917 ж. «Бақыт жолына», 1920 ж. «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. 1924 ж. «Домбыра», 1926 ж. «Экспресс», 1928 ж. «Тұрмыс толқынында» жинақтарын, 1927 ж. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі мен «Жер қазғандар» повесін, 1929 ж. «Көкшетау» поэмасын жариялады. 1933 ж. «Альбатрос», «Қызыл ат» поэмаларын, 1935 ж. «Социалистан» атты өлеңдер жинағын шығарды. 1934 – 35 жж. Дейін «Айша» әңгімесі, «Біздің тұрмыс» романы, «Жемістер» атты публицистикалық хикаяты, көптеген өлеңдері жарық көрді. 1936 ж. ақын шығармашылығының 20 – жылдығы кеңінен аталып өтті. Сәкен қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1937 жылы Сәкен Сейфуллин «халық жауы» деген айып тағылып ұсталып, 1938 ж. 23 ақпанда Алматы қаласында атылды. 1957 ж. 21 наурызда бұрынғы қылмыстық ісі тоқтатылып, толық ақталды.

Сәбит Мұқанов Сәке Сейфуллин жөнінде "Сәкен,үлкендерге "кісі киіктеу" болғанымен, бала көрсе жанаса кететін.Туған інісі Мәжиттің баласые емірене құшақтап отырғанын талай рет көргенбіз.Баланы Сәкен иіскеп,сүйген емес,сұрағанымызға "мен ешқашан адамды иіскеп,сүйіп көрген емеспін"-,дейтін.