Қуандық Рахым жарының қандай болғанын қалайды?

 Қуандық Рахым жарының қандай болғанын қалайды?
жеке
блог

Әнші болашақ жарының қандай болуы керектігі туралы әңгімелеп берді.

«Анам ұстаздық жолында қызмет етеді. Кез-келген жігіт анасын қатты жақсы көргендіктен, анасына ұқсайтын қызды кездестірсе жақсы болатын шығар. Қазақылығы, тәрбиелілігі, имандылығы ол бөлек, міндетті түрде болатын дүние ғой. Болашақ жарымның Құдай қаласа ұстаздық қызметте болғанын қалаймын», – деді Қуандық Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында.

 

Әншінің "Қалай да" атты әніне түсірілген бейнебаяны халықтың көңілінен шығып үлгерді.

“Қалайда” атты әнге түсірілген бейнебаян әдеттегідей махаббат тақырыбын сөз етеді.

Оқиға желісі бойынша, Қуандық боянып-сыланғанды ұнататын “замануи” қызды қарату үшін барынша тырысып бағады. Оған қайта-қайта гүл сыйлап, көңілін аулайды. Алайда өзімшіл қыз жігіттің қадіріне жете алмайды. Ақырында бәрінен шаршаған Қуандық қолын бір сілтеп кетіп қалады. Тек сол сәтте адал махаббатынан айырылып қалған бойжеткен есін жияды.

Айта кетейік, көрерменге “Музарт live” жобасы арқылы танылған Қуандық бүгінде продюсер Жанна Әбуованың қарамағында жұмыс істейді. Эстрада әлеміне қосылғанына әлі бір жыл болмаса да, Қуандықтың қоржынында бірнеше бейнебаян бар.