"Менің мамандығым"
жеке
блог

"Менің мамандығым"

                                                  Менің мамандығым

Мамандық таңдау-өмірдің ең қиын,әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау-сені улкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрас таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Бүгінде мен де осы маңызды шешімді қабылдаудың  шегіне жеттім.Көз ашып жұмғанша ,11 сыныпқа қалай келгенімді өзім де білмей қалдым.Небәрі бірнеше айдан кейін мектеп табалдырығын соңғы рет аттайтынымды,осы балалық шаңымнан үлкен өмірге қадам басқалы отырғаныма тағырқаймын, әле де сенбей жүрмін.Үлкен қуанышқа орай, мамандық тағдағанның алдында  қатты қиыншылықты басымнан өткерген жоқпын. Бастауыш сыныбымнан бастап өзелім, Отаным, Қазақ жерінің атын барша әлемге танытқым келеді деп  өзіме арман етіп, мақсат қойғанмын. Сондықтан ойланбастан журналист мамандығын таңдаймын деген ешімге келдім. « Неге журналист?» деп ойлайтын шығарсыздар.Себебі журналист нағыз  ХХІ  ғасыр мамандығы, ал ХХІ ғасыр –ақпарат пен жаңалықтың ғасыры.

Қарап , егемендік алғанымыздан кейінгі 25 жылдық тарихымызға  үңілетін болсақ,қазақтың дарынды жастары басқа елдерге кетіп, қайдағы жоқ сол елдің атын шығарып, сол елге жұмыс істеуде. Және де мен ,сол жастар басқа елдерге кеткендері үшін өкінетіндей ,Қазақстанды ең биік дәржеге жеткізгім келеді.

Әрине, басқа да балалардың басынан өткен жағдай , менің де басымнан өткен.Мәселен ,көптеген мен үшін жақын жақын адамдар, менің ьаңдауымды білгеннен соң, мені қанша рет ойымнан қатарғысы келді. «Сол мамандықты қайтесін! Одан да тұрақты мұғалім немесе дәрігер мамандығын таңдамайсын ба !» деген ойларды қанша рет естігенімді бір Құдай білсін. Алайда мамандық таңдауда, жүрегің қалайтын бағытты таңдауын керексің.Егер сен ол мамандықты қаламасаң , болашақта ,қанша тырыссаң да, сеннен  ештеңе шықпайды. Сондықтан мен өзім үшін-Қазақстанның  атақты атақты журналистер қатарына қосыламын деп мақсат қойдым және сол мақсатқа үлкен табандылықпан жетемін деген үміттемін.

Бүгінгі күні ащы шындықты жазып, қазақ халқын «оятатын» жалынды журналистер санаулы ғана. Кешегі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин жәте таңы басқа аталарымыздың жолын қуып, солардың жазған мақалаларын негізге ала отырып, солар сияқты Ұлы журналист болғым келеді!