Сандар сыры...

Сандар сыры...
жеке
блог

Кез келгенімізге ең үлкен сан қанша десе не деп жауап берер едік? Кішкентай балалар миллион деуі мүмкін. Миллиард, триллион....шексіздік...

Кез келген санға нөлдерді тіркей берсек, ең үлкен сан алуға болады. Бұл қателік емес. Алайда, оның қалай аталатынын білесіз бе? Сандар атауы екі түрлі жүйеде қарастырылады екен. Американдық немесе ағылшындық жүйе.

Америкадық жүйе -қарапайым. Бұл жүйеде сандарға "иллион" жұрнағы жалғанады.  миллион, триллион, квадриллион, квинтиллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион және дециллион. Бұл жүйе АҚШ, Канада, Ресей, Франция сияқты мемлекеттерде қолданылады.

Ағылшындық  жүйе-кең таралған. "иллион" жұрнағы жалғанған сандардан үлкендеріне "иллиард" жұрнағы қосылады.  Мәселен, триллионнан кейін триллиард, квадриллионнан кейін квадриллиард , тағы сол сияқты.

Бізде бұл жүйеден тек миллиард сөзін қолданамыз. Америкада бұл сан биллион деп аталады.

Ал енді Гуголға тоқталайық. Бұл жүз нөлі бар сан. Ол туралы алғаш рет 1938 жылы жазылған. Американдық математик Эдвард Каснерге  бұндай үлкен санды "гугол" деп атауды оның жиені ұсынған екен. Ал әлемдік танымал іздеу жүйесі "Google" осы санның атауы екенін білесіз бе? Бұдан кейін  асанкхей саны. Ол 140 нөлі бар сан.  одан кейін гуголплекс саны.  Ол 1 гугол нөлмен. Есептей беріңіз.  Одан да үлкен сан Скьюза.  Бірақ, бұлар да ең үлкен сан емес. Математикалық дәлелдеуде бұлардан үлкен тағы көөп сандар бар. Ал ең үлкені ретінде Гиннестің рекордтар кітабіна енген Грэм саны. Оны ең алғаш 1977 жылы Рамсей теориясын дәлелдеуде қолданған. Ең үлкен дәрежелі сан ретінде Кнут жүйесіне 1978 жылы енген. Ең соңғы 50 цифры-

 ...03222348723967018485186439059104575627262464195387.

Он

10 1

Жүз

10 2

Мың

10 3

Миллион

10 6

Миллиард

10 9

Триллион

10 12

Квадриллион

10 15

Квинтиллион

10 18

Секстиллион

10 21

Септиллион

10 24

Октиллион

10 27

Нониллион

10 30

Дециллион

10 33