Өмірімнің өзегі өзіңсің - журналистика

Мен бұл мамандықты бала кезден армандадым. Осы мамандық иесі болғым келгені сонша, көз алдыма жаңалық бағдарламасын жүргізіп, сұқбат алып жатқаным елестейтін. Интернет желісін ақтарып жүріп бұл мамандықты қара шаңырақ әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқытатынын білдім. Барлық мән жайды ұғынып алдым. Солай арманға деген алғашқы қадамдарым басталып кетті. Мақала, шағын әңгімелерімді газет - журналдарға беріп жүрдім. Жазған туындыларым жарыққа шығып жатса төбем көкке жеткендей қуанатын едім.

Күн сайын журналист болам деген арманым ақиқатқа айналарына сенімім арта түсті. Күндер зырғып өтіп жатты. Мектеп тәмамдар жылға да келдік. Барлығына белгілі алдымызда ҰБТ күтіп тұрды. Бар күш жігерімді арнадым. Мен үшін қазақ тілі мен қазақстан тарихы пәнінен жоғары ұпай жинау болды. Алайда, ҰБТте өзім қалаған ұпайды жинай алмадым. Тіл мен тарих пәнім 46 ұпай. "Енді не істеймін?! Арманым арман күйінде қалмақ па?!" деген сұрақтар санамда жауапсыз қалды. Бір күш бәрібір алға тартып тұрды.

Арман қалаға шығармашлық емтихандар тапсыру үшін билет алынды. Қасымда апа – жездем. Алғаш рет пойызға мінуім. Алматыға да келдік. Ең алғаш ҚазҰУ – ға кіргенде суретте көрінгеннен де әдемі екен. Шығармашылық емтиханның алғашқы күнінде шығарма жаздық. Мен «Менің арманым» деген тақырыпта жазып шықтым. Осы күнге дейін арман болған мамандығым жөнінде кеңінен толғадым, шамам келгенше журналистиканың өткені мен болашағы, кумирім және өзімнің журналистика әлеміне құбылыс болып қалғым келетіні жайында жаздым. Екінші емтиханда ауызша тапсырдық. Ол кезде факультетіміздің деканы Сағатбек Медеубекұлының алдында отырдым. Жеткен жетістіктерім мен жарияланған материалдарым жайынды әңгімеледім. Қоырытынды бойынша 25 – 25 ұпайдан 50 ұпайд жинадым. Жалпы ұпайым 96 ұпай. Ендігі кезекте ақысыз бөлім үшін байқауға өтініш жазу. Қай ұпайымды жіберсем болады ҰБТтің ұпайы ма, әлде шығармашылық емтиханнан жинаған ұпайды ма? Шығармашылық емтихан ұпайы ақысыз оқуға жете ме? Түсе алмай қалсам ше? Қалай дұрыс шешім қабылдасам болады? Ақыры 30 шілде күні ақысыз бөлім үшін байқауға шығармашылықтың емтихан ұпайын жібердім де Алладан арманымды аяқасты ете көрме деп жалындым . Қорытындысы шығатын күн 9 тамыз. Уайымдаумен, қобалжумен менің тағдырым қалай шешілді деген сұрақтармен күндер мен түндер өтті.

Қорытындысы шыққан күні ауылда жарық жоқ. Көрші ауылдығы апама хабарласып гранттар тізімінен қарауды сұрадым . Интернеттен қарап жатыр – қарап жатыр, бір кезде телефонның арғы жағынан «Урааа, Сағыныш грантқа түстің» деген дауыс естілді. Жүрегім кеудемді жарып шығардай дүрсілдейді. Қуанышым қойныма сыймады. Қасымдағы анамның сезімін айтып кеткізу мүмкін емес. Әкем жұмыста еді. Ұйықтап жатқан әкемді оятып сүйінші сұрадым. Келген смстерге, шалынған қоңырауларда есеп жоқ. Смстерге жауап берейін десем қолым дірілдеп әріптерді баса алмадым.

Бұл маған Алланың берген тартуы деп ұғындым. Сол түні ұйықтамадым. Қол жетпестей болған арман орындалды. Қазақстандағы ең үздік университеттердің бірінде жоғарғы білім алатынымды ойласам қуаныштан аспанға секірдім. Қаншама адам маған сенім артып еді, сол сенімдер ақталды. Қазір журналистика факультетінің 1 курсын аяқтауға жақындап та қалдық. Алланың берген мүмкіндегін жібермей пайдалануға тырысып жүрмін. Кейде жалқаулықтың ұстап қалатыны бар. Бірақ өзіме сенем! Мені жарқын болашақ күтіп тұр. Ойлаған барлық арманымды орындауға жанымды салам.



Бөлісу: