"Ғашықтар" романы

"Ғашықтар" романы
жеке
блог

«Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық айтқандық бола қоймас». Нұрсұлтан Назарбаев Ілияс Есенберлиннің шығармаларын оқығанымда, ерекше әсерге бөленемін. Бұлардың бірі - "Ғашықтар" романы. Автор бұл шығармада мүсінші жас жігіттің махаббат сезімі жайында жазады. Махаббат жалыны өрбіген кезде, тағдырдың қатал талабы бір жүректі екіге бөледі. Келбетін көру көпке арман болған қылықты қыз басқа қалаға көшіп кетеді. Бұны білген жас жігіт жауапсыз кетіп қалған ғашығының кетуін өткен өмірімен байланысын табады. Екі жүрек қиындығы одан әрі ұласады, қызықты кейіпкерлермен таныстырады. Жалпы бұл кітап аясында, менің түйгенім өте көп. Бойжетіп келе жатқан жас қыздарға берері мол. Өткен шақтың болашаққа әсері қаншалықты екені мен әркім өз істеген ісіне жауапты екенін үйретеді. Романды толық оқуларыңызға кеңес беремін.