Жақсылық жасап жарысайық
жеке
блог

Жақсылық жасап жарысайық

Алда сауапқа толы "Ораза"айы басталады.Әр пенде кем дегенде осы айда 7 бір жақсылық жасай алатындығына сенімдімін.

Егер су ішіп жатқан торғайды көрсең шошытып алмауға тырыс. Сол үшін Алладан сауап үміт ет. Мүмкін жүректер қорқыныштан алқымға тығылған Қиямет күні Алла сені сол күнгі үрейден сақтап қалар.
Көшеде жолыңа шыққан итті қақпай, көлігіңді шетке бұрсаң, Алладан сауабын үміт ет. Мүмкін Алла сені жаман өлімнен сақтар.
Тамақ қалдықтарын қоқысқа төгерде құстар жесін деген ниетпен жағдай жаса. Сосын Аллаһтан сауабын үміт ет. Мүмкін Алла саған ойламаған жерден ризық берер.
Тіпті, осы сөздерді таратқың келсе, жақсылық көбейсін деп ниет ет. Мүмкін Алла сені дүние мен ақырет қайғысынан сақтап қалар.
Жақсылықты аз да болса да жасап қалуға тырыс. Себебі қай жақсылығың Жәннатқа кіргізетінін білмейсің...