Кітапты қолына алмаған ұрпақтың ертеңі қандай?
жеке
блог

Кітапты қолына алмаған ұрпақтың ертеңі қандай?

Журналист өзекті мәселелерді талқылайтын жеке қалам иесі ғой, бірақ, бұл проблема аясында, мен жас патриот, елінің қамы мен жанын ойлаушы ретінде жазып жатқаным...

Қазіргі кезде, қасиетті қалам  мен ақ парақ бетінен оқу қалып бара жатқаны бәрімізге жаңалық емес. ХХІ ғасыр, ғаламтор мен техника заманы, жаңа қадам мен үдеріс. Иә, бұның бәрі баршылық, алайда, кітап бетінен алынған білімге не жетсін?

Өз басым, кітап бетін бір апта ашпасам, өмір ағысынан қалып қойғандай сезімде боламын. Өзгелерге қарап, көпке топырақ шашқаным емес, талантты да талапты, білімді кітап көзінен іздеп, кітапхана  табалдырығын күнде аттайтындар бар, десек те, өте аз. 

Бұл мәселе жайында, айтылады, жазылады - іске асырылмайды.

Бірде, болашақ журналист болған соң, бұл жайында тереңрек білгім келіп, кітапхана, кітап дүкендеріне барып көріп, саралап салыстырдым. 

Кітапхана. 

Барғаным - сол шақ, 4-5 жасөспірім, 8-9 ересек адам. Қалған Алматылық 1 миллиондай адам қайда?Бұл сұрақты кітапсүйген жандар - кітапханашы апайлардан сұрап көрдім. Кітапқа сұраныстың аздығын тағы айтты.

Кітап дүкен.

Кіре салысымен, қазақша кітаптар бөлімін сұрадым. Таңғалдым. Кітап дүкені 15 бөлімнен тұратын болса, бұның 1 бөлімі-ақ қазақ тілінде. Сенесіздер ме? біреу-ақ. Мен де сенбедім, сенуге тура келді. 

Бұны не кітап дүкенінің сатушысынан, не өзімнен сұрарымды білмедім. 

Дана да, дара атам қазақ оқып кеткен әдебиеттер мен шығармалар жас ұрпаққа мұра ма, ғаламтор мен техникаға табынып бара жатқан сана ма?

Мені осы толғандырады, қобалжытады, ойландырады...

Ал сіздерді ше?