Салмақ қосуға көмектесетін 25 өнім
жеке
блог

Салмақ қосуға көмектесетін 25 өнім

1.Қияр.
Кей адамдар қиярдың қабығын ашып жейді. Олар қияр сыртындағы дәруменнің пайдасын білмейтін болар. Естеріңізде болсын, қиярдың бар құндылығы – оның сыртында. Қиярдың қабығы ағзады дәнекер ұлпасын нығайтады.

2.Шоколадты сүт.
Бұлшықет мықты болуы тиіс. Бірақ заттың сырты әдемі бола тұра, іші жарамсыз болса, қажеті шамалы. Сол секілді бұлшықет мықты болса, сәйкесінше сүйек те мықты болуы керек. Таза табиғи сүт сүйектегі кальций мөлшерін көтереді. Егер сүтке шоколад қосып, шоколадты сүт жасап ішсеңіз, пайдасын екі есе болмақ.

3. Қарақұмық
Өзге дақылдарға қарағанда қарақұмықтың құрамында көмірсу әлдеқайда аз. Есесіне, ол – аминқышқылдарына бай. Аминқышқылдар бұлшықеттің жиырылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, қан айналу жүйесін реттейді. Қарақұмықты аптасына бір рет жеп тұрған абзал.

4. Бадам
Бадамның құрамында Е дәрумені бар. Е дәрумені жаттығудан кейін әлсіреген бұлшықетті қалпына келтіретін қасиеті бар. Күніне екі уыстан кем жемеңіз. Сонымен қатар, жаңғақтар көңіл-күйді көтеріп, жүректі түрлі аурудан сақтайды.

5. Шие шырыны
Шие – табиғат қойнауындағы табиғи дәрумен. Жаттығудан кейін шие шырынын ішсеңіз, ағзадағы қан айналым жүйесі бірізділікке түседі. Дене әлсіреп, ағза сыр бере бастағанда да, дәрігерлер шие шырынын ішуге кеңес береді. Оның құрамында адамды сергітетін зат бар.

6. Кептірілген жемістен жасалған кәмпит
Тәбетіңіз тәтті тағамды қаласа, майлы креммен көмкерілген тортты емес, жеміс-жидек тосабынан жасалған кәмпиттерді (пастила) жеңіз. Әсіресе, алма езбесінен дайындалған кәмпиттің берер пайдасы көп. Десерттердің ішінде бояусыз жасалған табиғи өнім осы – жеміс қағынан жасалған кәмпит. Калориясы да, майы да аз, есесіне ақуызы мол.

7. Екпе шиырмақ (кресс-салат)
Бұл шөптің құрамында С дәрумені мен темір элементі көп. Бұлшықетті нығайтып, күш береді. Екпе шиырмақты салат жапырағымен, күнземен, аскөкпен, көк жуамен, май, сірке суы не лимон қышқылымен, араластырып, балық тағамдарымен жеуге болады.

8. Күнжіт халуасы
Күнжіттің құрамында мырыш элементі бар. Ол бұлшықеттегі жасуша ұлпаларында және ақуыздың түзілуінде маңызды рөл атқарады. Жаттығу алдында күнжіт халуасын кофемен ішкен дұрыс.

9. Жұмыртқа
Салмақ жинаймын деген адамға жұмыртқаның құрамында керек ақуыз табылады. Ақуыздың құрамындағы D дәрумені бұлшықетті біріктіріп тұрады. Дәрігерлер аптасына 5 жұмыртқадан артық жеуге рұқсат етпейді.

10. Папайя
Бұл тропикалық жемістің құрамында «папаин» деп аталатын ақуызды ыдырататын зат бар. Паттайиде өсетін экзотикалық жемістің дүкен сөрелеріндегі мұздатылған түрі де өз қызметін толық атқара алады.

11. Тәтті бұрыш
Тәтті бұрыштың құрамында С дәрумені бар. Болгар бұрышының «С дәрумені» лимон мен қара қарақаттың құрамындағы мөлшердей болады. Тәтті бұрыш неғұрлым қызыл болса, дәрумен де соғұрлым көп болады. Олардың не үшін түрлі түсті болатынын алдыңғы жазбаларымызда айтқан болатынбыз.

12. Майшабақ
Майшабақ қосылған салат креатинге бай. Майшабақтың құрамындағы креатин бұлшықетті нығайтады, сонымен қатар оны тек өзін емес, көкіністермен жеген абзал.

13. Жасымық
Жасымықтық құрамында 26% ақуыз бар. Темір, мырыш секілді элементтер адамға күш береді. Әсіресе, езбе сорпа ретінде дайындап ішсе, ағзаны неше түрлі дәрумендермен қалқалайды.

14. Паста
Тауық еті қосылған паста – фитнеспен шұғылданатын жандарға аса пайдалы. Жаттығудан кейін жоғалған көмірсуды макарон өнімдерінен жасалған тағамдар қайта қалпына келтіреді. Энергияның артық күші осы – макарон өнімдерінде. Көңіл-күйіңізге қарай макаронның қалаған түрін таңдап, етпен пісіріп және қолдан жасалған соуспен дәмін келтірсе, ағзаңыз сізге алғысын жаудырады.

15. Бидай
Бидайдың құрамында хром көп, хром ағзаға энергияны көп бөлуі үшін керек. Сонымен қатар, оның құрамында бұлшықетке қан тасымалдайтын аргинин аминқышқылы бар.

16. Газдалмаған минералды су
Бұлшықеттің 80%-ы судан тұрады, сол үшін сусыз өмірді елестету қиын, әсіресе, салмақ жинап, ет қосамын деушілер үшін суды міндетті түрде жиі ішу керек. Жаттығу кезінде аз-аздан ішіп жүрген артық етпейді. Себебі адам жаттығу кезінде көп терлейді, көп су жоғалтады. Кеткен судің орнын толтырып отырмасаңыз, жаттығу өнімді болмайды.

17. Күркетауық еті
Балықтың құрамында қанша фосфор болса, күркетауық етінің де құрамында сонша фосфор болады. Ал ақуыз – 50%. Табиғи соуспен дәмдеп, кешкі асқа жеген дұрыс.

18. Күнбағыс шемішкесі 
Біріншіден, шемішке – протеиннің қоры. Екіншіден, оның құрамында Е дәрумені көп. Е дәрумені бұлшықетті нығайтатын негізгі фактор. Бұлшықеттің жоғалуын тежеп, жаттығудан кейін бұлшықетті қалпына келтіреді. Салатқа араластырып жеуге де, өзін шағып жеуге де болады. 

19. Скумбрия 
Омега-3 май қышқылына бай балық — скумбрия. Жаттығудан кейін ағзадағы ақуыздар бұлшықеттерге тарай бастайды, әсіресе, қол бұлшықеттеріне. Үйге жеткенге дейін, тамақтанып, оны асқазаныңыз қорытқанша, ағзаңыз өз-өзін жеп жатады. Омега-3 бұл үдеріске тосқауыл бола алады.

20. Киви 
Киви – бұлшықеттің басты азығы. 3 түйір киви ағзаны түрлі аурудан қорғайды. 

21. Ананас 
Ананастың құрамында ақуызға толы тағамды қорытатын бромелайн заты бар. Бір тәрелке қуырдаққа тойып алған соң, консервіленген ананас оның құрамындағы ақуызды бұлшықетке тез таратады. Сонымен қатар, бромелайн жаттығудан кейінгі бұлшықет ауруын басады.

22. Кофе 
Кофеин бұлшықеттің ауырғанын басып, жаттығуды ұзартады. Шаршағаныңызды сезбейсіз. Мұны көк шай алмастыра алады. Ал энегетикалық сусындарға келгенде, сақтықпен қараңыз. 

23. Сиыр еті 
Сиыр еті аминқышқылына бай. Сонымен қатар, бұлшықетті нғайтып, майды жойып, төзімділікті арттыратын креатин заты бар. 

24. Жанжабіл (имбирь) 
Неше түрлі детрке ем жанжабіл аспириннен кем емес. Оның құрамындағы қышқыл сүт бактериясы ас қорытуды тездетеді. Сонымен қатар, ағзаны тез ретке келтіре алатын қасиетке ие. 

25. Табиғи йогурт 
Жеміс-жидек қосылған йогуртқа қарағанда қантсыз табиғи йогурт жеген пайдалырақ. Табиғи йогуртты туралған жеміс-жидекпен қосып жеңіз. Сонда жеміс-жидектің дәрумені көбірек сақталады әрі молынан болады. Бір ескерерлігі, қант қоспаңыз.